Жаңа туған нәрестеге күрделі ірі операция жасады

Түркістан облысында жергілікті дәрігерлер нәрестеге өмірге келген күні-ақ күрделі ірі операция жасады. Шақалақ Арыс аудандық орталық ауруханасының босану бөлімшесінде ас қорыту жүйесінің туа біткен ақауымен дүниеге келген. Аталған туа біткен ақау антенатальды жатырішілік скриниг кезінде анықталмаған.
Нәрестенің алғашқы тәулігінді ішек өтімсіздінің белгілерінің пайда болуына байланысты Түркістан облыстық балалар ауруханасынан жедел мамандар шақырылып, бірден сол облыстық балалар ауруханасына ауыстырылып, жаңа туылған нәрестелердің жансақтау бөліміне жатқызылды. Қажетті тексерулер соң операция алды дайындық жүргізіліп, нәрестеге өмірінің бірінші тәулігінің соңында күрделі ірі операция жасалды. Ота барысында аш ішектің ортаңғы бөлігінің туа біткен ақауы, атрезиясымен жатыр ішілік ішектің айналуы анықталды.
Отаны Қазақстан Республикасының бас неонатальды хирургы А.Ерекешов пен Түркістан облысының бас неонатальды хирургы С.Тұрысбеков жасап, аш ішектің туа біткен ақауын ота жолымен қалыпқа келтірді. Қазіргі таңда отадан кейінгі нәрестенің өмірлік көрсеткіші тұрақты, отадан кейінгі емін неонатальды жан сақтау бөлімінде жалғастырып жатыр.


