Әлемдегі ең пайдалы азықтар

Oinet.kz 24-09-2020 1083

Пияз-сарымсақ: Асқазан, простат, өңеш қатерлі ісігіне (рак) қарсы қорғайды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.

Фасоль: Салмақты реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді. Ішек қатерлі ісігі және жүрек ауруларынан қорғайды.

Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық. Арқан балығы (лосось), сардина, скрумбия балықтарының құрамындағы Омега-3 миды және жүректі қорғайды. Cіңір тізімін реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.

Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. Қатерлі ісікке қарсы күресетін CLA қышқылын да қамтиды.

Жаңғақтар: Аптада 5 рет жеу, ұстамалы жүрек ауруы және жүрек ауруларының қауіпін %30-50 арасында азайтады. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.

Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер, омега-3 витаминіне бай болып табылады. Қалыпты мөлшерде қолданылғанда қатерлі ісіктен қорғайды. Ақуыз (протеин) және B12 витаминнің қайнар көзі.

Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Ақуызға бай бірақ каллориясы төмен. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.

Брокколи: Барлық қатерлі ісіктердің қауіпін азайтады. Минерал және витамин қоры өте жоғары. Денені токсиндерден тазалайды. Асқабақ, қырыққабат (капуста) қатерлі ісік қауіпін азайтады.

Алма: Өкпенің қатерлі ісігі, астма және қант диабетіне қарсы пайдалы. Құрамында сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.

Анар: Антиоксиданттарға бай. Қан қысымын реттейді, тамырларды қорғайды және ісіктердің үлкеюіне тосқауыл болады.

Көк шәй: Қуықтың, ішектердің, тыныс жолы, ұйқы безінің, тік ішектің және асқазанның қатерлі ісікке шалдығу қауіптерін азайтады. Салмақ реттелуін оңайлатады.

Қаражидек (черника): Қатерлі ісіктен қорғайды, есте сақтау қабілетін жақсартады.

Биік өкшелі аяқкиімнің зияны
60 секундта ұйқы келтіретін әдіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу