Анардың беймәлім қандай пайдасы бар?

Oinet.kz 28-08-2020 2165

Анарды тұрақты тұтынатын адамдардың жүрегі сағатша мүлтіксіз жұмыс істейді. Әрі ағзаның қартаю процесін баяулатады. Қаншама дәруменге бай анар – калориясы төмен жеміс. Жемістің 100 граммында  небәрі 72 килокалория болады.

image.png

Анар – дәрумен кеніші десе болады. Құрамында 15 түрлі амин қышқылы бар. Ол аз десеңіз, К, С, В9, В6 дәрумендері мен минералдарға (калий, мырыш, фосфор) бай. \

Анар жүрек қызметін  нығайтады

image.png

Анар құрамында пуникалагин (Punicalagin) бар. Бұл зат бос радикалдарды бейтараптандырады және антиоксиданттық күйді арттырады. Пуникалагин жүрек қызметін жақсартады. Дәрігерлердің айтуынша, анар құрамындағы пуникалагин және басқа антиоксиданттар қан тамырларының нығайтады және "жаман" холестерин (LDL) деңгейін төмендетеді. 

Анар артроздың дамуына кедергі келтіреді

image.png

Артроз – буындардың ең көп таралған ауруы. Статистикаға сүйенсек, артроздан  планетамыздың 10%  тұрғыны зардап шегеді. Артроз қабыну мен ауырсынумен сипатталады.

Анар К дәруменіне бай, ол сүйектер мен дәнекер тіндерде зат алмасуда маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, кальцийдің сіңуіне қатысады. Кейздің Батыс резервтік университетінің медициналық мектебінің ғылыми зерттеулері көрсеткендей, Анар остеоартритке әкелетін шеміршек тіндерінің деформациясын баяулатады. Анар шырыны қабынуды жеңілдететін және шеміршек тіндерінің ісінуін төмендететін фитонутриенттерге бай.

Тіс саулығын қамтамасыз етеді

image.png

Анар шырыны тістегі дақты кетіруге көмектеседі. Сонымен қатар, ол микробқа және вирусқа қарсы қасиеттерге ие.  Ауыз қуысын бактериядан тазартады. Осы қасиеттерінің арқасында тіс, қызыл иек саулығын арттырады. 

Қатерлі ісіктен қорғайды

image.png

Анар шырыны құрамында эстроген синтезіне кедергі келтіретін және қатерлі ісіктің өсуін тежейтін зат эллаготаниндер бар. Американдық онкологиялық зерттеулер қауымдастығының журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, анарды үнемі тұтыну сүт безі қатерлі ісігінің қаупін бірнеше есе азайтады.

Ғалымдар қуық асты безінің қатерлі ісігіне анардың әсерін талдаған. Анктиоқышқылды және қабынуға қарсы заттардың көп болуына байланысты анар шырыны рак клеткаларының өсуін баяулатады. Сонымен қатар, бұл өкпе онкологиясының дамуын бәсеңдетеді .

Анар иммунитетті жақсартады

image.png

100 грамм анарда С витаминінің күнделікті мөлшерінің 21% бар. С дәрумені бактерияға қарсы қасиеттерге ие қосылыс. Анар ағзаның иммундық жүйесін вирустан қорғайды. Иммунитетті нығайту үшін Анардың төрттен бірін жеу жеткілікті.

Ас қорытуды жақсартады

image.png

Диеталық талшықтар – ағзаға  сіңбейтін, бірақ ішектен қайта өңделген барлық заттарды алып тастауды қамтамасыз ететін элементтер. Яғни, ас қорытудың "қозғалтқышы" болып саналады. Диеталық талшықтар дәнді дақылдарда, анарда кездеседі. Егер сіз тек 100 грамм анар жесеңіз, күнделікті диеталық талшықтың 16% ағзаңызға сіңіресіз.  Ол сіздің метаболизміңізді тұрақтандырады.

Шырынын (құрамында танин болуына байланысты) және жемісінің қабығын медицина асқазанның жұмысы бұзылғанда, ал кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде қолданады. Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен ауыратындар, сондай-ақ энтероколитцен ауырғанда анардың ащы сұрыптарын пайдалануға болмайды!

Тыртықтарды кетіреді

image.png

Анар дәнінің майы эпидермис жасушаларының қалпына келуін жақсартып, жараларды жылдам емдейді. Ол фибробласттарға коллаген мен эластинге, жасушааралық заттың синтезіне жауап беретін жасушаларға әсер етеді. Анар шырыны күнге күйген теріні қалпына келтіруге көмектеседі. Қанның құрамында темір аз болса және адам сүйектері сынғанда тез бітіп кету үшін анарды жеу керек. Анар шырынының тағы да бір ерекше қасиеті – ол радиация әсеріне шалдыққандарға көмектеседі.

Анардың құрамында қабынуға қарсы тұратын зат бар және ол буын ауруларына шалдыққан адамдардың шеміршектері ыдырауының алдын алуда маңызды рөл атқарады. Анар шырыны, сондай-ақ, адамды буын қабынуына шалдықтыратын ферменттердің артуына кедергі жасайды және шеміршектердің бұзылуының алдын алады. Анар құрамында өте көп мөлшерді эстроген элементі бар. Бұл элемент  әйел адамдардың сүйектерінің қаусап кетуінің алдын алады.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Құрманың қандай пайдасы бар?
Бұлшық ет өсуіруге қандай өнімдер пайдалы?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу