Алкоголь ми қызметін жақсарта ма?

Oinet.kz 22-07-2020 1680

Джорджия университетінің қызметкерлері JAMA Network Open  сайтында алкогольді тұрақты пайдаланудың миға әсері жөнінде зерттеуін жария етті. Зерттеуге сүйенсек, алкогольді тұрақты ішетіндер құймақұлақ, тез ойлап, тез ой қорытуға бейім, ойлау қабілеті жақсы жұмыс істейтіндігі мәлім болды.

image.png 

Тоғыз жылға созылған зерттеуге 20 000-нан астам адам қатысқан. Зерттеуге қатысқан адамдардың орта жасы 62 жас. Қатысушылардың 60% - ы әйелдер болған.

Әйелдер аптасына 112 грамм, ерлер 210 грамм артық емес мөлшерде алкоголь тұтынған. Бақылаушы ғалымдар статистикалық деректерді негізге жүйелеп, сенімді қорытынды шығара білгенін мәлімдеді. Алкоголь адамдарға неліктен оң әсер еткені әлі белгісіз.  Алкогольді шектік деңгейде қолданғандықтан, ми жұмысы ретті болуы мүмкін деген болжам бар. Алкогольдің шағын дозасы мидың метаболикалық қоқыстардан тазартуға көмектеседі . Бұл зерттеуге қарап алкоголь қолдануға асықпаңыз. Алкогольдің ағзаға зиян тұстарын ескере ұстаңыз.

Ғаламдағы адамдардың үштен бірі спирттік ішімдікке әуес.  Солардың төртен бірі – әйелдер, 39 пайызы – ер адамдар.

АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы Денсаулық көрсеткіштері және анализ институтының ғалымы Мак Грисуолд «Алкогольдің зиянсыз мөлшері болмайды», – дейді.  Ал, бұған дейін алкогольді аздап ішу –  жүрек аруларын азайтатыны айтылып келгені белгілі. Ғылыми зерттеу қорытындылары Lancet медициналық журналында басылған. 

Зерттеу алға тартқан деректерге сәйкес, спирттік ішімдіктер кесірінен жыл сайын дүниежүзінде 15-49 жас аралығындағы 2,8 миллион адам ажалынан бұрын қайтыс болады екен. Аталған америкалық институт алкогольдің мөлшері мен денсаулыққа әсерін 1990-2016 жылдары 195 елде зерттеген. Және де ғалымдар бұл баяндаманы жасауға алкогольдің қаншалықты кең таралғаны туралы 694 зерттеу жұмысы мен ішімдіктің денсаулыққа зияны жайлы 592 ғылыми еңбекті қолданып, 28 миллион адамды тартыпты.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Әлемдегі ең үздік дәрілер
Дала патшайымы: жүгерінің пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу