Құйрық май коронавирустан қорғай ма?

Oinet.kz 09-07-2020 2152

Пандемия кезінде емдеу шараларына қатысты көптеген халық емі әдістері желілерде желдей есуде. Халық  жалған ақпараттың жетегіне еріп, кей тауарларға сұранысын арттыруда. Тұтынушы сұранысы өз кезегінде негізсі баға жоғарылауына әкелуде. Емдеу шараларының ішінде қойдың құйрық майына қатысты мәліметтер де бар.  Adamdar/CA тілшілері Қазақстан отбасылық дәрігерлер қауымдастығының сарапшыларына көптеген маңызды сұрақтар қойды. Қойдың майы инфекциядан қорғайтыны жөніндегі ақпаратты мамандар жоққа шығарды.

image.png

Сурет ашық дереккөзден алынды

Баяу балқитын жануарлардың майлары (құйрық, қаз және т.б) сүрту кезінде теріге жылудың жоғалуын баяулататын пленканың пайда болуына әкеледі. Сондықтан олар бұлшықетті, байламдарды босаңсытып, ауырсынуды жеңілдетіп, жылыта алады. Суық тигенде және кез келген инфекция кезінде бұлшықет ауруы жиі кездеседі. Мұндай «физиотерапия» симптомдарды жеңілдетеді. Мамандар сұқбатта  майлар инфекцияны емдемейтінін жеткізген. ДДСҰ пандемия кезінде ересектерге дұрыс тамақтану кестесін ұсынған. Көптеген тағамдар құрамында майлылығы жоғары болғандықтан тиым салынған. 


Гүлдария Шардарбекова: «Коронавирустан айыққан адам қайта ауырмайды»
Саумалдың қандай пайдасы бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу