Вакцинация – тұмаудан сақтанудың тиімді тәсілі

Oinet.kz 12-02-2020 789

Screenshot_5.jpg

Тұмау – вирустар мен бактериялар тудыратын, тыныс алу жолдарының қабынуы арқылы жүретін адамзат арасында ең көп тараған ауру. Тұмау күз айларында суық түскеннен басталады да көктем айларына дейін созылады.

Тұмауды жұқтырудың көзі ауру адам болып табылады. Тұмау түшкіргенде, жөтелгенде майда тамшылар арқылы ауамен таралады және лас қол, таза емес тұрмыстық заттар, ойыншықтар арқылы да жұғады. Жұқтырған сәтінен бастап аурудың алғашқы белгілері өте тез, бірнеше сағатта пайда болады.

Анатомиялық және физиологиялық ерекшіліктеріне байланысты тұмаумен нәрестелер мен жас балалар өте жиі ауырады. Себебі олардың тыныс жолдары қысқа, шырышты қабыршықтары жұқа, қорғаныш қабілеті төмен. Әрі балалардың араласатын ортасының ауқымы кең.

Мектепте, балабақшада тұмаудың таралу мүмкіндігі өте жоғары.

Тұмаудың белгілері:

- дене қызуы көтеріледі, қалтырайды;

- бас, тамақ ауырады;

- мұрын бітеледі;

- жөтелу, түшкіру;

- әлсіреу;

- құсу, іштің өтуі;

- бұлшық еттердің, буындар мен сүйектердің ауыруы.

Егер сіз, не сәбиңіз тұмаумен ауырып қалсаңыздар, науқасты отбасының басқа мүшелерінен оқшаулап, тез арада дәрігер шақыртыңыз.

Есіңізде болсын, тұмау әсіресе, балалар арасында немқұрайдылықты кешірмейді.

Дер кезінде емделмесе тұмау асқынған түрге  айналады, әрі сіз өз немқұрайлығыңызбен туыстарыңыздың, жақындарыңыздың, қызметтестеріңіздің тұмаумен ауруына себепкер боласыз.

Тұмаудың асқынған түрлері: 

- минингит;

- гайморит;

- синусит;

- бронхит;

- пневмония;

- отит және т.б.

Тұмаудың алдын алудың тиімді жолдары:

1. Індет басталмастан бұрын тұмауға қарсы егу;

2. Сұйықтықты көп ішу;

3. Қолды сабынмен жиі жуу немемсе  зарарсыздандыратын  құралдармен  сүрту;

4. Мұрынның шырышты қабаттарын әрбір 2 сағат сайын оксолин   мазімен майлаңыз;

5. Таза ауаға жиі шығып,бөлмеңізді жиі желдетіп отырыңыз;

6. Тамаққа пияз, сарымсақ, қара қарақат, лимон, малина, итмұрын тағамдарын көбірек тұтыныңыз;

7. Өз ағзаңызды жүйелі түрде шынықтырыңыз;

8. Тұмаудың белгілері бар науқасты басқалардан оқшаулап, жеке гигиенаны сақтаңыз, медициналық бетперде киіңіз.

 Тұмаудың алдын алудың ең сенімді әдісі – ол егу шаралары (вакцинация). Бұл шара жылда тұмау індетінің таралу мерзімінің алдында қазан-қараша айларында жүргізіледі.

Екпенің қорғау қабілеті – бір жыл, сондықтан да екпе егу жұмыстарын жыл сайын қайталап жүргізу қажет.

Вакцинаны әсірісе төмендегі топтардағы адамдарға егу қажет (бірақ, кез-келген жағдайда екпе егу алдында, өз дәрігеріңізден кеңес алғаныңыз жөн):

- 60 жастан асқан ересек адамдарға;

- созылмалы тыныс жолдары ауруларымен ауыратындарға (әсіресе өкпенің обструктивтік ауруларымен);

- мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға;

- иммунитеті төмендеген (қант диабетіне шалдыққан, АИТВ – жұқпасына шалдыққан, көк бауырын алдыртқан немесе глюкокортикоидтар мен цитостатиктерді қабылдаушыларға);

- созылмалы жүрек және бүйрек ауруларына шалдыққандарға;

- ЖРВИ ауруына жиі шалдығатын адамдарға;

- өздерінің жұмысы барысында тұмауды жұқтыру қаупі жоғары адамдарға: медицина, әскери қызметкерлеріне, тұрмыстық қызмет көрсету саласының жұмысшыларына және  т.б.

Ш.ҚОЖАҚОВА,

№1 Шымкент қалалық емханасының дәрігері

Тұмау немқұрайдылықты кешірмейді!
МӘМС дегеніміз не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу