Ерте жүктілік етек алмасын десек
Ерте жүктілік қауіпті ме?
Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді, жүрек қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме түседі. Бұның қиындығы — жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, таксикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!
Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?
Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы — жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланған жүктіліктің 90 пайызы отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді.
Ерте жүктіліктің қалай алдын алуға болады?
Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі — сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-ана баласымен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптарды оқу. Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба?! Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма?! Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.
Ерте жүктіліктің нәтижесі
Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналдасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Ал жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы), жас ана тығырыққа тіреледі; білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл өкінішке орай, ерте жүктіліктің салдарынан болатын жиі кездесетін оқиға. Қыздар қиындықтан аман болсын!
Ерте жүктілік немен қауіпті?
Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы – жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!
Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?
Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы – бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ, бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланбаған жүктіліктің 90 % отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни, ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала «әдейі» бәрін кері істейді.
Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану. Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесіп, жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу керек.
Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі тиіс. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы қажет.
Ерте жүктіліктің нәтижесіне тоқталсақ, бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналасу және карьера құру мүмкіндігінен айырылады. Қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы көмектесетін болса, жақсы) жас ана тығырыққа тіреледі: білімі жоқ, жұмысы жоқ, баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр болатындықтан, көп жағдайда қателескендер перзентін балалар үйіне өткізіп жатады. Ал, бұл өкінішке орай, ерте жүктілік салдарынан болатын, жиі кездесетін оқиға.