Шайға сары май салып ішудің пайдасы

Oinet.kz 28-10-2019 4227

73324312_549941692475583_2068468911317188608_n.jpg

Біздің бала күнімізде үйге Мәриән апамыз келетін. Ол кісі келгенде әке-шешеміз мұғалімі келген оқушыдай болып қалатын. Шешеміз ешқашан ол кісінің атын атамайтын, «Ғасылдың апасы» дейтін. Әр шаруамен бізді жұмсағанда да «Ғасылдың апасын шақырып келші», «Ғасылдың апасынан алып келші», «Ғасылдың апасына беріп келші» - дейтін. Шешеміздің айтқаны құлағымызға сіңіп қалған, біз де ол кісіні «Ғасылдың апасы» деп атайтынбыз. Ғасыл – ол кісінің ұлының аты. Ол кісі келе жатса, «Ғасылдың апасы келе жатыр» - дейтінбіз. Біздің түсінігімізде үйге келіп-кетіп жүр ме, яғни туысқан. Қандай туысқан екенінде шаруамыз болмайтын. Кейін үлкейгенде барып әкеміздің ол кісінің марқұм әпкесінің жалғыз ұлы екенін білдік. Апамыздың жүрісі де, сөйлеу мәнері де, көңіл-күйі де үнемі бірқалыпты болады, аспайды-саспайды. Бойын тіп-тік ұстайды. Отырғанда да тіп-тік отырады. Бір ауылда тұрған соң араласып-құраласып жатсақ та, ол кісі екі-үш апта аралатып міндетті түрде арнайы келетін, асықпай отырып шай ішеді. Шай ішіп отырып әкеммен әңгімелеседі. «Жоңышқаны неше рет суғардыңдар?», «Кәртүшкені түптеп алдыңдар ма?» - деп көбіне шаруа жайын сұрайды. Олар шай ішіп отырғанда мені үнемі таң қалдыратын бір жай болатын. Мәриән апа шайды кішкентай қасықтың ұшымен сары май салып жіберіп ішетін. Шайға сары май салып ішсе де денесінде бір мысқал артық ет жоқ, үнемі бірқалыпты жүретін.

Жақында сары майдың құрамындағы серотонин гормонының көңіл-күйді жақсартып, ұйқының тыныш болуына әсер ететіндігі туралы оқыдым. Соңғы кезде Америкада шай мен кофеге сары май салып ішетіндер көбейе бастапты. АҚШ ғалымдарының соңғы зерттеу нәтижелері бойынша шайға немесе кофеге кішкентай ғана сары май салып жіберіп ішкеннің ағзаға орасан зор пайдасы бар екен. Олар:

асқазан жарасын болдырмайды;

асқазан жарасы болса жазылуына ықпал етеді;

тыныс алу мүшелерін сырқаттан сақтайды;

тыныс жолы ауруларына таптырмайтын ем;

иммунитетті күшейтеді;

қан тамырларын тазартады;

мидың жұмысын жақсартады;

алжудан сақтайды;

тамақсаулықтан сақтайды:

бедеуліктен сақтайды;

шаш пен тырнақты, теріні нәрлендіреді;

климакстің ерте болмауына ықпал етеді;

зат алмасу процесін жақсартады;

ішті қатырмайды.

Ең бастысы ағзадағы майдың реттелуіне үлкен әсері бар көрінеді. Ал сары май құрамындағы калий, фосфор, кальций, натрий, селен, магний, темір, мырыш, марганец, А, Е, РР, В1, В2, В5, Д витаминдерінің ағзаға қаншалықты пайдалы екендігін айтпаса да болады.

Шайға сары май салып ішіп көріңіздер. Тәтті екен :).

Біздің ата-бабаларымызда Гугл болмаған, бірақ сол кісілер көп біліпті, көп нәрсені дұрыс жасапты.

Күлшан Нұрбекова

Семіздік те күрделі дерт!
Жаһандық сауалнама жүргізу туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу