Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Бала қоғамдық орындарда шу шығарып, айқайлап, жылап жатса, оны қалай тыныштандыруды кей жас ата-ана білмей жатады. Бұл жағдайдың жолын бірден табу қиын, алайда бала психологиясымен айналысатын мамандар мұның бес тәсілін айтады. Құшақтау. Баланы өзіңізге тартып, көтеріп, құшақтап, сүйіп, жақсы көретін әнін қосып тыныштандыру жақсы көмектеседі. Психологиялық тепе-теңдікке келген кезде сәби тынышталады. Бірақ сіз де шыдамды болыңыз. Ол шуды бірден тоқтатпауы мүмкін, бірақ құшақтау – сол бағытқа апаратын дұрыс жол. Ойыншық.
Баланың назарын басқа нәрсеге аудару үшін оның ұнататын ойыншығын үнемі өзіңізбен алып жүріңіз. Сол себепті бала қатты жылап, қиғылық салып жатса, жағымсыз эмоциясын жою үшін бірден ойыншығын ұстатыңыз. Бұл да – баланы тыныштандырудың бір әдісі. Тамақтандыру. Бала мазасызданып жылай бастаса, оған басқа себеп емес, қарны ашқаны сеп болуы мүмкін. Сондықтан дереу аузына жүрек жалғайтын тағам тоссаңыз, ойы басқаға бөлініп қана қоймай, аштық сезімі басылады. Тек беріп жатқан тағамыңыз пайдалы болуына мән беріңіз. Сабыр. Баламен ақырын, даусыңызды бәсеңдетіп, сабырлы түрде сөйлесіңіз, жағдайды түсіндіріңіз, жанында бірдей қашықтықта жүріңіз. Бала қатты жылап жатса бұл тәсіл көмектеспеуі мүмкін, бірақ байқап көруге болады. Ұйқы. Бұл сөзге сену қиын, дегенмен бала қарны ашқаннан бөлек, ұйқысы келсе де, мазасы қашады. Мұны баланың режимін жақсы білетін аналар бірден түсінеді. Ал басқа жағдайға көнбей жатса, оны ұйықтатуға тырысып көріңіз. Көзін жұмып, сәл мызғып алуына мүмкіндік жасаңыз.
Дереккөз: massaget.kz