Аяққа қарап мінезін таны

Oinet.kz 30-04-2019 822

Психологтар адамның аяғына, жүріс-тұрысына қарап мінезін анықтауға болатынын айтады. Мәселен сіз үнемі  аяқтарыңызды бiрiктiрiп тұрсаңыз бұл сіздің  ұстамдылығыңызды және шыдамдылығыңызды білдіреді.  

психологиялық тест.jpg

Әдетте сiз көбiне бiр аяғыңызға сүйенiп, екiншiсiн аздап оңға шығарып тұрсаңыз  сiз онда  зейiн орталығында болуды ұнатасыз. Сiзде белсендi темперамент бар, ненi қалайтыныңызды бiлесiз, оған қол жеткiзуге күш саласыз. 

Ал аяғыңызды кең қойып тұрсаңыз,  сiзге қандай да бiр ниеттi немесе идеяны жүзеге асырудан бас тарту қиынға соғады.  Әдетте сiз аяғыңызды айқастырып, қайшылап тұрсаңыз сiз адалдықты сүйесiз және өз ойларыңызды жүзеге асыруда жиi шыдамсыздық танытасыз. Құмар, барынша қызбалы темперамент сiзге әрқашан көмектесе бермеуі мүмкін.  "Аяқты аяққа қойып" бiр аяқты екiншiсiмен iлiп қоюды ұнататындар  өте ұстамсыз, өзiне жеткiлiктi сенiмсiз және тiптi шешiмсiз адамдардың қатарына жатады.  

Ал  аяқтарын бiрге қосып, оларды аздап алға шығарып және бар өкшеге сүйене отыратындар ақ жарқын, адал болып келеді.  Аяқтарын бiрге қосып және өкшеге сүйенiп, тобығын көтерiп отыруға құмар жандар  ұстамды және томаға-тұйықсыз болады екен. 

Әдетте  тобығын бiрiктiрiп және өкшені  кең қойып отыратындар тым батыл емес, барынша кiрпияз адамдар. Сондай-ақ аяқтарын сәл алға шығарып және оларды айқастырып отыратындардың бойында  әмiрлiк, қызғаныш, әрқашан билік етуді ұнататын сезімдер басым болып келеді.  

Ал сіз отырғанда аяқтарыңызды қалай басқарасыз?

Жүкті әйелге шалқасынан жатып ұйықтау қауіпті
Баланың өтірігінің алдын алуға бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу