Желіде екі басты жыланның видеосы тарады
16-07-2022
Елімізде «жасыл» экономикаға көшу бойынша Тұжырымдама Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен жасалып, қабылданған болатын. Яғни, болашақтың энергетикасы туралы бастаманы Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқы Жолдауында көтерді. Осы бастама бойынша «жасыл экономикаға көшу» жөніндегі тұжырымдама бекітілді. Сондай-ақ, Елбасы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін арттырған, болашақтың экономикасын құру үшін негіз қалау маңызды екенін атап өтті. «Жасыл экономика» еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құрал¬дарының бірі болып саналады. Аталған тұжырымдама аясында 2050 жылға қарай ЖІӨ 3 па¬йызға артып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашы¬лады деп жоспарлануда. Сарапшылардың айтуынша, энергетикада баламалы және жаңартылатын энергияның үлесі 2030 жылға қарай – 30, ал 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізу мақсаты қойылып отыр. Энергия тиімділігін жоғарылатуға бағытталған шараларды жүргізу нәтижесінде электр қуатын өндіру қажеттілігін 2030 жылға қарай – 13, ал 2050 жылға қарай 10 пайызға азайту көзделген.
Әлемдегі өндірістердің көбеюі мен халық санының өсуі энергияға деген сұранысты еселей арттыра түсуде. Сұранысты қанағаттандыру мақсатында энергия өндіруде атмосфераны зиянды уландырғыш заттармен ластайтын – мұнай, газ, көмір және басқа да қорларды пайдалану қоршаған ортаны, экологиялық жағдайды ушықтырып жіберуде. Яғни, елімізде электр энергиясының басым бөлігін жылу және газ-турбиналы электр станциялары өндіріп шығарады. Бүгінде атмосфераның ең ірі ластаушыларына тау-кен саласы, жылу және электр энергетикасы, мұнай-газ кешені кәсіпорындарының стационарлық көздері жатады. ХХІ ғасыр басында Қазақстан жалпы экологиялық және эко¬номикалық жағдай шарттарының бұзы¬¬луының жаһандық проблемасымен және соның салдарынан әлеуметтік әл-ау¬қаттың нашарлау қаупімен бетпе-бет келді. Сондықтан да, бұл қордаланып қалған проблемаларды шешудің тиімді жолдарының бірі елімізді «жасыл экономикаға» көшіру болып табылады. Біздің еліміз жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қолайлы жағдайлары бар елдердің бірі. Республикада баламалы энергия алу үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуі тұрғысынан жел, күн және гидроэнергетикалық энергия¬ның ең қолайлы көздері бар. Мамандардың бағалауынша, Қазақстанның теориялық жел әлеуеті - жылына 1820 млрд. кВт сағатқа жуық, гидроэнергетиканың әлеуеті - жылына 30 млрд. кВт сағат, ал күн энергетикасының әлеуеті – жылына 2,5 млрд. кВт. Республикадағы энергия барынша тапшы өңiр – Оңтүстiк Қазақстан облысы. Өңір тұтынатын энергия мөлшерiнiң 60 пайыздан астамын өзге облыстардан тасымалдауда. Сондықтан тариф жоғары. Бұл қарапайым тұтынушыларға да, шағын және орта бизнес өкiлдерiне де ауыртпалық түсiрiп отыр. Өз кезегінде, Оңтүстiк Қазақтан облысы республикадағы баламалы энергия көздерi (жел, күн, кiшi гидроэнергия) бойынша ең әлеуеттi өңiр болып есептеледі.
Алдын ала техникалық-экономикалық негіздеу нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында жиынтық қуаты 120 МВт-ты құрайтын тиімді гидроэнергетикалық әлеуеті бар 43 нүкте анықталған. Облыс аумағынан 122 өзен ағады, 41 су қоймасы бар. Қазіргі уақытта облыстағы кәсіпорындар мен тұрғындардың электр энергиясын жылдық тұтынуы шамамен, айына 400 МВт құрайды. Оның 114 МВт-ы (29%) ішкі қуат есебінен өндірілсе, 286 МВт (71%) Қазақстанның басқа өңірлерінен сатып алынады. Бұл өз кезегінде электр қуатының бағасына әсер етіп отыр. Шағын электр станцияларының салынуы және іске қосылуы сырттан тасымалданатын қуатты шамамен 42 пайызға қысқартады екен. Сондықтан, бүгінгі таңда гидроэнергетикалық саланы дамыту және шағын су электр станциялары жобаларын қаржыландыруға инвестиция тарту маңызды. Бұл орайда, Түркия, Израил, Германия, Польша мемлекеттерінің өкілдері жобаларға қатысуға ниет білдіріп отыр. Шетелдік инвесторлармен жұмыс істеуде нәтиже де жоқ емес. «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы АҚ-ы мәліметтеріне жүгінсек, Түлкібас ауданындағы Машат өзенінде екі шағын СЭС салу үшін түркиялық «Endustriyel Elektrik» компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрылған. Жобалық құны 2,1 млрд, теңге, қуаттылығы 4 МВт болатын жоба халықаралық ережеге сай жасалыпты. Құрылыс жұмыстарын 2017 жылы бастап, осы жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Жалпы облыс бойынша гидроэнергетикалық төрт жоба бар. Олардың бірқатарын «Келесгидроқұрылыс» ЖШС-і жүзеге асыруда. Серіктестіктің бұл салада тәжірибесі бар. Қуаттылығы 1,3 МВт болатын алғашқы суэлектрстанциясы серіктестік 2001 жылы пайдалануға берген болатын. Бұл шағын СЭС мыңдаған тұрғындардың сұранысын қамтамасыз етіп келеді. Ал, одан 13 жыл кейін іске қосылған «Рысжан» СЭС-і бүгінгі таңда 8 мыңға жуық үйді электр қуатымен қамтамасыз етуде. Сарыағаш ауданы Келес өзеніндегі қуаттылығы 6,5 МВТ болатын тағы екі шағын СЭС – «Дархан» және «Азамат» жобалау кезеңінде. «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы қаржылай қолдау көрсететін жобаларды келесі жылдың соңында іске қосу жоспарлануда. Жалпы 2016 жылы 3 жобаны, 2017 жылы 7 жобаны iске асыру жоспарлануда. Олар – 1 шағын су электр станциясы, 2 жел электр станциясы және 4 күн көзiнен қуат алатын электр станциялары. Жел энер¬гетика саласында қуаттылығы 90 МВт құрайтын 2 жоба жүзеге асырылуда. Күн энергетика саласында жалпы қуаттылығы 349 МВт құрайтын 12 жоба жүзеге асырылуда. Ал, Сайрам ауданындағы «Ақбай Шымкент» және Шымкент қаласындағы күн электр станциялары iске қосылып, қызмет көрсетуде. Отырар ауданының Көксарай елдi мекенiнде немiс инвесторларының қатысуымен «Промондис Қазақстан» ЖШС қуаттылығы 35 МВт құрайтын күн электростанциясы құрылысын жүргiзуде. Сондай-ақ, «Промондис Қазақстан» ЖШС қатысуымен 2015-2017 жылдары Бәйдібек ауданында қуаты 10 МВт, Сайрам ауданында қуаты 30 МВт күн электр станциясын салып бітіру жоспарлануда. Бүгінде республикада күн энергетикасын пайдалану бағытында өнеркәсіптің жаңа саласы құрылуда. Күн энергиясын игеру мақсатына барлық технологиялық циклға керекті шикізаттар мен жаб¬дықтар өзімізде шығарыла бастады. Атап айтқанда, Астана қаласында үш жылдан бері халықаралық стандарттарға сәйкес келетін фотоэлектрлі модульдер шығаратын «Astana Solar» ЖШС-і жұмыс істеуде. Сарапшылардың пікірі бойынша жаңартылған электр көздері секторы таяудағы жылдары ел экономикасына $4 млрд. АҚШ долларына дейін инвестиция әкелмек. Жобалар жүзеге асырылған жағдайда ел бюджетіне кемінде 20 млрд. теңге және жыл сайын электр станциялары пайдаланылған жағдайда 3 млрд. теңгеден астам салықтық түсімдер түспек, 15 мыңға жуық уақытша жұмыс орындары, 3 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары құрылмақ, оның үстіне жыл сайын 2 млн. тоннаға жуық мөлшерде «парниктік газдар» шығарындыларын қысқартуға мүмкіндік туады. Адамзат тіршілігін энергия тұтынусыз елестету мүмкін емес. Ал энергиямен қамтамасыз етуде экологиялық таза энергия өндіру заман талабы.
Жаңа технологияларды енгізіп, ескіні жаңарту да энергия үнемділігіне оң әсер етері анық. Кентау трансформатор зауыты Қазақстанда тұңғыш рет 80 мегаваттық трансформаторды құрастырып шығарды. Бүған дейін зауытта құрастырылатын трансформатордың ең қуаттысы 63 мегаваттыққа дейінгі болатын. Жаңа құрастырылған транвформатордың бір данасының өзі Кентау секілді 10 қаланы электр қуатымен қамти алады екен. Алпауыт трансформаторға қазіргі таңда 4 тапсырыс түсіпті. Зауыт ұжымы өткен жылы үздік көрсеткіштерге қол жеткізген болатын. Өнім көлемі межеленген жоспардан артық орындалып, 11 млрд теңгеге жетті. Өткен жылдың жырты жылдығында экспорт көлемі 33 пайызға өссе, биыл бұл көрсеткіш 40 пайызға көтеріліп отыр. Алдағы уақытта экспортты 50 пайызға жеткізу жоспарланып отырған зауытта 1100 қала тұрғыны үш ауысымда тұрақты еңбек етуде. Зауыт қазірдің өзінде 2017 жылғы қаңтар айына дейін жететін тапсырыстар қабылдап, келісім-шарттар жасап қойған. Тапсырыс берушілердің көпшілігі шет елдік компаниялар. Компания жақында ғана Белоруссия мемлекетінен тапсырыс алыпты. Сондай-ақ, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келіп жатқан тапсырыстардың көлемі артып келеді. Кәсіпорын жаңа техникамен жарақтандырылуға және жаңа өнім шығаруға әрдайым басымдық беруде. Зауыттағы технологияның барлығы түгелімен жаңаланған. Өндіріс көлемі соңғы 20 жылда 20 есеге өскен. 2014 жылы - 26, 2015 жылы - 36 жаңа өнім түрі шығарылса, 2016 жылы - 42 жаңа өнім түрін шығару жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы ұсынған «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы еліміздің энергетика саласын дамытудың басым бағытына және елімізде келер жылы өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің басты тақырыбына айналды. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Елдің дамуының «жасыл» жолына көшуіне алда тұрған «ЭКСПО-2017» қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады»,- деген болатын. Бұл бағытта өңірде атқарылып жатқан жұмыстың бірқатарын жоғарыда айтып өттік. Энергетика министрлігінің мәліметіне қарағанда, өткен жылы елімізде электр стансалары 91 млрд. кВт электр энергиясы өндірген. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 130-175 млрд. кВт-қа жетеді деп болжанып отыр. Мамандардың пікірінше, электр энергиясын өндіру көлемінің артуы парниктік газдар шығарындыларын ұлғайтпауы тиіс. Яғни, елімізде жаңа технологияларды енгізудің, қуат стансаларында жаңартылатын энергия көздері мен газды генераторлар үлесін арттыру, электр энергиясын «жоғалтуды» төмендетудің, жасыл экономиканы дамытудың маңызы зор.
Мұрағаттан, 2016 ж