Қоғамдық жұмыс - адал еңбек!

Oinet.kz 09-11-2023 232

image.png

«Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі» деп дана Абай айтқандай расында да, адамзат пайда болғаннан бері өзінің қажеттілігін тек еңбек арқылы қамтамасыз етіп келеді. Еңбек адамды адалдық, табандылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерге баулып игілікке жеткізеді. Қай кезде де адамды адам ететін адал еңбектің құндылығы жоғалмайды. Технология, ақпараттық сала дамыған заманда қарапайым жұмыстарды істеп, маңдай терімен адал еңбек етіп, отбасын асырап отырған жандар жетерлік.  

Осы ретте Созақ ауданында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын "Қоғамдық жұмыс" бағдарламасы бірқатар азаматтарды жұмыспен қамтып жатыр. Осы бағдарлама арқылы уақытша болса да жұмыс істеп жүрген тұрғындардың бірі аула сыпырушы Сайлауова Ақмарал. «Мен Созақ аудандық Мансап орталығынындағы мамандардың көмегімен ауыл әкімдігіне жұмысқа тартылдым. Жұмыс уақытымыз 8 сағат. Ай сайынғы еңбекақымызды уақыты төлеп тұрады. Біз бала-шағамызды осы қоғамдық жұмыс арқылы асырап отырмыз»,- дейді жобаға қатысушы. 

Қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, қызметкерлердің алдын ала кәсіби дайындығын қажет етпейтін, оларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік маңызды бағыты бар еңбек қызметінің түрі. Әлеуметтік жұмыс орындарын жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастырады.

Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына мынадай құжаттарды тіркей отырып өтініш береді:

– жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;

– еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

– білім туралы құжат көшірмесі (бар болса).

Қоғамдық жұмыстарға қатысу құқығы:

– жұмыссыздарға;

– жазғы каникул кезінде студенттерге және жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына;

– тұрып қалуға байланысты жұмыспен қамтылмаған тұлғаларға беріледі.

Біліктілікті талап етпейтін қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздар мен қатар студенттер мен мектептің жоғары сынып оқушылары сабақтан тыс уақытта қатыса алады. Жұмыспен қамтудың белсенді шарасы саналатын Қоғамдық жұмыс бағдарламасы тек жас мамандар үшін ғана емес, әр жастағы жұмыссыз азаматтар үшін зор мүмкіндік. Қоғамдық жұмыс – аула сыпырушы, тазалықшы секілді жұмысшылардан басқа – мұғалім, дәрігер, инженер, есепші, заңгер, көлік жүргізуші, іс жүргізуші, т.б маман  иелеріне арналады. Жұмысқа тартылғандар шарт бойынша 12 ай жұмыс істейді. 

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік мол
Грантқа ие болған қайсар жан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу