Ауылға жаңалық енгізген Әлішер

Oinet.kz 08-11-2023 275

image.png

Созақ ауданында кәсіпкерлікті жандандыру, жұмыссыздықпен күресу мақсатында тұрғындарға 2,5 пайыздық грант беру жалғасуда. Мемлекеттің көмегімен талай теріскейлік өз кәсібін бастап, тұрмысын түзеп, өзгелерді жұмыспен қамтып отырған жайы бар. Бірі мал шаруашылығы саласында бизнес ашса, енді бірі тігін, дизайн саласы бойынша цех ашса, енді бірі нан пісіріп наубайхана ашуда. Арасында инновациялық жобалар да кездеседі. Осындай жоба ұсынған теріскейлік Әлішер Отаров бүгінде кәсібін сәтті жүргізіп отырған жанның бірі. Оның таңдаған саласы – медицина. Себебі өзінің мамандығы фельдшер-массажист. 

- Өз кәсібімді бастау үшін мемлекеттің жеңілдетілген жастарға көрсетіліп жатқан 2,5 пайыздық несиесінен алдым. Бұл кәсіп түрі Гидромассаж., Гидрованна деп аталады.  Қазақстанға енді келіп жатқан салалардың бірі. Бұның пайдасы өте зор. Бұл невралогиялық ауытқуы бар балаларға және дені сау балаларға да өте қажет.  2 айлық шақалақтан  бастап 4 жасқа дейінгі балаларды  қабылдаймын.  Гидрованнаны  аутизм, сал ауруы, тілі кеш шығып жатқан балаларға, дұрыс сөйлей алмайтын балаларға, гипертонус, гипатонус, гипоксия т.б неврологиялық ауруларға алуға болады.  Бұл массажды және дені сау балалар да   ешқандай дәрігердің тағайындауынсыз ала беруіне болады. Басты мақсат ауылға жаңалық әкелу болды»,- дейді  Әлішер Отаров .

Әлішер ауылға алып келген бұл медицицналық құрылғының әзірге өңірде баламасы жоқ. Ол туымысанан сал болып қалған балалар мен басқа да көптеген қатерлі невралогиялық ауруға шалдыққан бүлдіршіндердің дертіне шипа. Әсіресе аутизм мен сал ауруына таптырмайтын ем екен.Жас маманның іс бастауына Мемлекет басшысының сайлау алды тұғырнамасы негізінде жүзеге асқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы сеп болыпты.Қарапайым фелдшер заманауи құрылғынының тілін интернеттен қарап үйреніп алған. Енді оны ауылда бос жүрген өзі сияқты жас маманға үйретіпті. Барлығы сенсорлық жүйемен басқарылады.

Шала туған шақалақты табиғи жолмен тыныс алдыратын аппараттар мен сумен емдеу тәсілі баланың бойындағы дертті дер кезінде анықтап, оның құлан таза сауығып кетуіне септігін тигізеді. 

«Аталған аппараттарды алғаш рет осы орталықта қолданып көрдім. Оны қолдану, балалармен жұмыс жасудың тәсілдерін үйреткен Әлішер мырзаға алғысым шексіз. Жұмыссыз отырғанше пайдалы осы секілді пайдалы іспен айналысқан дұрыс қой»,- дейді  Әлішердің көмекшісі  Жәмилә Ерланқызы.

Бала күтімі мен дұрыс тамақтану оның иммуниетін көтереді. Ал су массажы қан айналымын жақсартып,  тыныс алу жүйесін ашады, бұлшықеттерді  мықтап, бойды шынықтырады екен. Жалпы соңғы жылдары еліміздің медицина саласына енгізіліп жатқан жаңалықтар осылайша шалғайдағы ауылдарға да жете бастады. 

«Биылғы жылы 65 азаматқа грант берілуі тиіс. Грантты үлестіру 4 лек бойынша жүзеге асырылады. Жалпы  өтініш білдірушілердің саны өте жоғары. Мысалы  бірінші лекте 129 адам,  екінші лекте 142 адамнан өтініш түскен. Алайда көп жобалар қайталанған. Біз жаңа идеяларға басымдық береміз. Барлығын комиссия мүшелері шешеді»,- дейді Созақ аудандық Мансап орталығының директоры Елдос Дәулетбаев. 

Несие алып мал шаруашылығын дөңгелеткендер көп
Грант алып «Darafood»-тың иесі атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу