Қолдау Үкіметтен, әрекет сізден!

Oinet.kz 13-11-2023 708

image.png

Кәсіпкерлік саласын дамыту жұмыс орындарын ашып, бюджеттік қаржыларды толықтырудың тұрақты көзі болып қана қоймай, экономикамыздың одан әрі өсуінің нақты факторына, сонымен қатар халықты жұмыспен қамтудың және әл-ауқатын жақсартудың негізіне айналып отыр. Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, бизнеске жол ашу бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып отырғаны белгілі. Мемлекет басшысы экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Бұл ретте жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету белгіленді. Бюджетіміздің толығуына өзіндік үлесін қосып отырған Созақ ауданы кәсіпкерлерінің бүгінгі аяқ алысы қандай және  аудандағы жұмыспен қамту мәселесі қалай шешілуде? 

Соңғы жылдары теріскейде жұмыс жоқ деп қолқусып отырған азаматтардың қатары сиреп, керісінше мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, өз кәсібін ашып, тұрмысын түзегендер артқан. Олар өзін-өзі жұмыспен қамтып қана қоймай ауылдастарына да жұмыс ұсынып, осылайша жалпы жұмыссыздықпен күресіп әрі ауданның кәсіпкерлік саласының дамуына ат салысып отыр. Сондай жанның бірі  Шолаққорған елді мекенінің 26 жасар тұрғыны Талшын Сатыбалды 3 жылдан бері аталған ауылда балаларға массаж жасап қызмет көрсетумен айналысады. 2022 жылы ол бизнес жоба бойынша арнайы конкурсқа қатысып, қайтарымсыз грантқа ие болады. Ол қаражатқа Шолаққорған массаж жасайтын орталық ашады. Бүгінгі таңда қарамағында 7 адам жұмыс істейді. Яғни тек өзі ғана кәсіптің пайдасын көрмей, айналасындағы 7 адамға да тұрақты жұмыс тауып беріп отыр. Мемлекет ұсынған қайтарымсыз гранттың көздеген әлеуметтік мақсаты да сол жаңа бизнес жобаларды қаржылай қолдау арқылы халық ішінде жұмыссыздық санын азайту. Өзінің айтуынша балаларға, ересектерге, соның ішінде әйел адамдар мен ерлерге массаждың екі түрін жасайды. Ол емдік және классикалық болып бөлінеді. Кәсіпкердің айтуынша, орталықта массаждан бөлек, хиджама, шугаринг, сатху терапевт және маникюр қызметтері бар. 

Шолаққорған ауылының тұрғыны Гүлшихра Калибаева 1 жылдан бері осы орталыққа келіп, баласына массаж алатынын айтады. Себебі дәрігерлер балаға 1 ай толғанда гипертонус, яғни денесі қатты деген диогноз қойыпты. Қазір көпбалалы ана массаждың арқасында баламның денесі жұмсарды дейді.   «Соның арқасында балам ширақ болып, 10,5 айында жүріп кетті. Анда-санда келіп курс алып тұрамыз. Өйткені бала массажбен дамиды, тез өседі. Осындай орталық ашылғанына қуандық, бізде жоқ бұндай орталық, болған емес. Осы Талшын ашып, бәріміз қуанып келіп, демаламыз, ем аламыз»,- дейді орталыққа келуші Гүлшихра.

Бірақ бала күнінен дәрігер болуды армандаған Талшын қазір мемлекеттік қолдаудың арқасында өзінің сүйікті ісімен айналысып жүр. 

«1,5 айдан бастап 14-15 жасқа дейін балаларға массаж жасаймыз. Балалар өте көп келеді. Қазіргі таңда жиі кездесетін потологиялар бар, диспазия, криваше деген сияқты. Қалаға барғаннан гөрі ауыл тұрғындары осындак еліп жасатқан өте тиімді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар бар. Бізге сондай балаларды жібереді, біз тегін қызмет көрсетіп, қолдан келгенше барлық ем-домды осы жерде жасаймыз»- дейді ол. 

Талшынның негізгі мамандығы қазақ тілі сен әдебиеті пәнінің мұғалімі екен. Алайда массажға деген қызығушылығы түбінде бәрібір осы кәсіпке алып келген. 2020 жылдан бастап адамды уқалап емдеу тәсілімен табыс табуды бастаған.Білімін жетілдіру мақсатында Түркияның Стамбұл қаласында біліп алған. Одан бөлек тәжірибесін шыңдау үшін шетелдерге жиі шығып, ондағы білікті мамандар шеберлік сабағын алып, тәжірибе алмасып тұрады. Кәсіпкердің айтуынша адамға Құдай түрлі қабілет береді. Бала жастайынан қай кәсіпке икемі бар екенін байқаса келешекте сол кәсіптің шебері болуға ұмтылуы керек. Міне массаж мамандығына жетелеп алып келген де кәсіпке деген махаббат пен адалдық болыпты. «Қайтарымсыз грант – аудан тұрғындарының кәсіп бастауына үлкен көмек. Бүгінде орталықта ауыл тұрғындарына түрлі қызметтер көрсетіліп жатыр. Кейде тіпті тұрғындар алдын ала жазылып келеді. Өзім бұл салада үш жылдан бері еңбек етіп келемін, ал, орталықтың ашылғанына бір жылдан асты. Мен алдымен арнайы курсты оқыдым, ал қазір массаж сабақтарын өзім өткіземін. 40-қа жуық шәкіртім бар. Орталықтағы қызметкерлердің ай сайынғы табысы 200-300 мың теңгені құрайды.Осымен тоқтап қалғым келмейді. Әрі қарай бизнесімді дамытсам деймін. Ол үшін тағы да қосымша білім алып, бизнес жобасын кеңейтуді көздеп отырмын. Бизнес бастауға тәжірибе білікпен бірге қаражаттың да керек екені белгілі. Осы орайда тағы да тәуекелге бел буып, 5 миллион теңге грант ұсынатын конкурсқа қатысып, сол қомақты қаржыға қол жеткізгім келеді. Себебі кәсіпкер адамға бір орында отырып қалуға болмайды. Үнемі алға жылжып отыру керек. Менің кәсібімнің кеңеюі біріншіден өзіме пайда болғанымен қаншама адамдар да сапалы классикалық және емдік мақсатта массаж қабылдауға мүмкіндік алар еді» деді. Алғашқы кезде мектеп бітіріп, медицина мамандығы бойында жоғар оқу орнына түсуге талабы болыпты. Дәрігер болып адамды емдеу, ақ халатты абзал жанағ айналып, айналасына шуақ нұрын шашып жүру бала кезгі арманы болыпты. Алайда тағдырдың жазуымен ол мамандыққа түсе алмаған. Дей тұрғанмен ішкі жан қалауы мен балалық шақтағы арманын іске асыру үшін жасаған ұмтылыс әрекеттері бәрібір түбінде өзінің қалаған мамандығын игеруге мүмкіндік туғызды. Жоғарыда атап өткеніміздей ендігі арманы бастаған инновациялық жобасын келесі 5 миллион теңгелік грант конкурсында жеңімпаз атанып әрі қарай жалғастыру. Ең бастысы тілек қалау болса бұл аңсаған арманына қол жеткізе алатынан сенімді. 

Жұмыссыздық мемлекеттің ең басты проблемасы және әлеуметтік қамсыздандыру бағытында айналысатын шараларының ең ауқымдысы. Сондықтан онымен күрес шарасында Үкімет барлық ресурсты жұмылдырады. Тетіктерді іске қосады. Ал осы механизмдердің арасындағы ең тиімді жолы ол адамдардың өз кәсібін бастап кетуіне, аяқ тұрып алуына қолдау көрсетуде. Яғни «балық берме қармақ бер» деген қағидамен жұмыссыз ретінде тіркелген кәсіпкерлік негіздерін оқып, жаңа инновациялық әлеуметтік қайтарымы жоғары жобаларға қатысып жеңімпаз атанып шыққан жандарға қайтарымсыз негізде грант беру. Осылайша мемлекет елде жұмыссыздық деңгейін азайтып, есесіне шағын және орта бизнестің үлес салмағын арттыруды көздейді. Өйткені шағын және орта бизнесінің үлесі басым, ішкі жалпы өнім көлемінің жартысына жуығын осы салада тапқан табысы құрайтын мемлекеттің экономикасы өте мығым болады. Мұндай экономикалық моделі бар елдерді келешекте ешқандай қаржылық дағдарыстар іргесін шайқалта алмайды. Сондықтан қазіргі таңда мемлекет осы бір стратегиялық жоспарды іске асыруға қызығу кірісіп жатыр. Ол халықты еңбекке жұмылдыру, масылдықтан арылту. Адамдарды жеке кәсіппкен айналысуға ынталандырып, шағын және орта бизнесті дамыту.  Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің былтырғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да ерекше атап өткен болатын.           

«Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Мемлекет экономикалық еркіндікті қолдайды. Бірақ, халықты нарық тұрақсыздығының ықпалынан барынша қорғайды. Шағын және орта бизнесті мейлінше дамытады.Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болады. Өскелең ұрпақ Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де бәсекеге қабілетті болуы керек» деген еді мемлекет басшысы. 

  Осы қағиданы негізге алған созақтықтар шағын және орта бизнесті дамытуға бар күш жігерлерін салуда және бұл нәтижесіз емес. 

Ауылдықтарға қанат бітірген «Ауыл аманаты»
Мемлекеттің қолдауымен кондитерлік орталық ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу