«Bal Tekstil» - кілемдер «ордасы»

Oinet.kz 19-11-2022 290

image.png

Шымкенттегі «Оңтүстік» АЭА  Қазақстан бойынша өзін-өзі ақтаған ең алғашқы орталық. Кәсіпорындарды бір аумаққа шоғырландырған аймақтың басты мақсаты – кәсіпкерлерге қолдау көрсете отырып, қаланың экономикасын дамыту. Инфрақұрылымды дамытудың басты факторына айналған аймақта бүгінде жалпы инвестиция құны 42.9 млрд теңгені құрайтын 25 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 2179 адам жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп отыр. 2010 жылдан бастап қазіргі күнге дейін АЭА қатысушы кәсіпорындар өндірген өнім әлемнің 22 мемлекетіне экспортталды. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін 22 жоба іске асырылып, 2046 жұмыс орындарын ашу көзделуде. Қазіргі таңда мұнда өндірісін өркендетіп отырған кәсіпорынның бірі Бал текстиль кілем фабрикасы. Алғашқы қазақстандық фабриканың іргетасы 2012 жылы құрылды. Кәсіпорында бүгінде өзінің 4-ші жаңа жобасын іске қосып, өнім қуаттылығын арттыруда. 

«Bal Tekstil» кілем фабрикасы еліміздің жеңіл өнеркәсібі көшбасшысы болып танылған. Кәсіпорын 2013 жылы «Оңтүстік» АЭА аумағында өз өнімін шығара бастады. 2015 жылдың екінші жартысынан бастап «Бал Текстиль» экспорттық нарықтарды игере бастады. Тәуелсіздік жылдарындағы кәсіпкерлікке жасалынып отырған көмекті алған Орталық Азиядағы ең ірі кілем фабрикасының шетелдің нарығында да сұранысқа ие болып отыр. 2020 жылы Қазақстанда жасалған кілемдерге әлемге әйгілі IKEA компаниясы назар аударды. Бұл Швед брендінің мерзімсіз келісімшарт жасасқан Қазақстанның алғашқы кәсіпорны. Дәл осы жылы «Бал текстиль» кілем зауыты жанынан «Бал декор» принт кілемдері мен кілемшелерін өндіретін зауыт ашылған болатын. Кілемшелер заманауи үлгіде тоқылуда. Еденде таймайды, кір жуатын машинада жууға болады.Зауыт Түркиядан әкелінген технологиямен жабдықталған. 120  млн теңгені құрайтын жобаның өндіріс қуаттылығы жылына 400  мың шаршы метр кілемше. Мекеме 14  адамды жұмыспен қамтыған болса, өнімі ішкі нарықта саудаланумен бірге, Өзбекстан,  Ресей,  Тәжікстан елдеріне экспортталуда.

Жұмысы жолға қойылған фабрика қалдықсыз жұмыс жасауға бағытталған. Яғни, түсі сәннен қалған жіптерді ысырап етпей мини цех арқылы күнделікті тұрмысқа қажетті арқан есіп, шашақты және кесінделген жолақтарды тоқып  шығаруды қолға алған. Өндірісін өркендетуді көздеген кәсіпкер өрісін кеңейтіп, экспорт көлемін арттыруды мақсат тұтып отыр.

Шымкенттің әлеуметтік қызмет көрсетудегі методикаларын өзге облыстар да ендірмек
Туризм –табыс көзі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу