Шымқалада агроиндустрия саласына көрсетілетін қолдау көп

Oinet.kz 19-11-2022 312

image.png

Президент  Жолдауында мал шаруашылығы мен аграрлық салада маңызды міндеттер белгіледі. Ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті – елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету екендігін баса айтты.

Бұл бағытта Шымкентте 2 агроиндустриалды аймақтың құрылысы басталғаны белгілі. Оның бірі ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеуде «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылып, құны 23 млрд теңгені құрайтын 1 810 жұмыс орнымен 21 жоба іске асады. Екінші аймақта 136 гектарға заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендері салынады. Мұнда 30 млрд. теңгеге 2 000 жұмыс орнымен 20 жоба жүзеге асатын болады.

Агроиндустриалды аймақтарда бүгінгі таңда нақты  жобалар іске асырылуда. Мәселен, «Тепличный рай» агроиндустриалды аймағының бірінші кезеңінде 9,8 млрд теңгені құрайтын 6 жоба іске асады. Олар «ASM Corporation» ЖШС, «AIDI Agro Trad»e ЖШС, «Nur Alem Agro» ЖШС, «ABK AGRO» ЖШС, «IGM Corporation» ЖШС және «Baitana AGRO» жеке серіктестіктері. Қазіргі таңда 2 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағының I кезеңінде 8,7 млрд теңгені құрайтын 7 жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, «Кемран» ЖШС, «Рауан» ЖШС, «Манар-21» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС, «СП» ЖШС және «Kaz Building» ЖШС.

Шымқалада жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Жобада шаруаларға да бірқатар  жеңілдіктер көзделген.  Айталық 10 млн теңгеден 50 млн теңгеге дейін 1-2 % кәсіпкерлерге несие беру қарастырылған. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласы бойынша құны 12 млрд теңгені құрайтын 5 жобаны несиелендіру жоспарланған. Атап айтсақ, «ОТАН Агро» ЖШС жылыжай кешенінде құлпынай өнімін өсірмек, ал «Shagyr Agro Group» ЖШС жылына 5 мың тонна бройлер құс етін өндірмекші. Сонымен бірге «Ақтас» АӨК бордақылау алаңын құруды, «Agro Lux Flowers» АӨК лаванда гүлін өсіруді жоспарға қойған.

Шаруаларға  қаржы ұйымдары арқылы өз бастамаларын іске асыруға несиелер берілетінін айта кетейік. Кепіл мүлкі болса, кез келген екінші деңгейлі банктер мен жекеменшік қаржы ұйымдары шаруаларға тиісті қаражатты беруге мүмкіншіліктері бар. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы тарапынан да ауыл шаруашылығы бағытында алынған несиелердің 7-10  пайыз сыйақысы субсидия ретінде өтеледі. 

Ірі кәсіпорындар мегаполис тұрғындарын азық-түлікпен қамтып келеді
Шымкенттің әлеуметтік қызмет көрсетудегі методикаларын өзге облыстар да ендірмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу