Оқушылардың экологиялық сауаттылығы жоғарылап келеді

Oinet.kz 18-11-2022 290

image.png

Үшінші мегаполисте мектептер арасында «Экология, өлкетану және туризм орталығының» ұйымдастыруымен «Мектептің гүлденгені – қаланың гүлденгені» атты мектеп ауласының ландшафтық дизайны қалалық байқауы өтті. Шымкентте тұңғыш рет өткен байқау қаладағы жалпы білім беретін мектептер арасында ұйымдастырылды. Оған 35-ке жуық мектеп қатысты.

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында өткен шараның мақсаты – орман шаруашылығы мен тәжірбиелік телімдердің жұмысын жандандыру арқылы мектеп оқушыларын экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, салауатты өмір салтына баулу.

Байқау  төрт күнге жалғасты. Осы уақыт аралығында қазылар алқасы мен мекеме қызметкерлері мектептің ауласының санитарлық тазалығын, абаттандыру жұмыстарын және мектеп ауласының ландшафтық дизайнын көріп, бағалау жұмыстарын жүргізді. Қазылар алқасының құрамында М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Ж.Тәшенов атындағы университет, Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі, Оқушылар сарайы, М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназиясының ұстаздары, А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің мамандары бар.

Қазылар алқасының шешімімен, «Үздік мектеп жанындағы экотрапа» номинациясы бойынша №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп жүлделі I орынды иемденді. «Үздік ландшафтық дизайн» номинациясы бойынша №89 IT мектеп-лицейі I орынға лайық деп танылды. №68 жалпы орта білім беретін мектебі «Үздік экскурсовод» номинациясын жеңіп алды. А.П.Чехов атындағы №21 мектебіне «Экобағыт бойынша бейне экскурсия» номинациясы бұйырды.  

Орталықтың директоры Ұлжан Қамытбекова жеңімпаз мектептердің ұжымына, мектеп басшыларына, оқушыларға алғыс білдірді. Қатысушылар алғыс хаттармен

марапатталды.

Білім ошағының көркеюі – бəрімізге ортақ міндет. Мектептің таза, көрікті жасыл-желекке бөленуі – бірлігімізді білдіретін ортақ игілікті іс. Мектептің гүлденгені – қаламыздың көркейгені. Себебі, бүкіл қазақы болмыс пен ұлттық құндылық осы мектептен басталады. Өз мектебінің, қаласының, өлкесінің гүлденуіне үлес қосатын жастарымыз көп болсын. 

Металл құрастыру зауытының жаңа желісі іске қосылды
«Бөрте-Милка»-ның өнімдері экологиялық таза және табиғи
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу