Атына заты сай бағдарлама

Oinet.kz 17-11-2022 368

image.png

Шымкент қаласында былтырдан бері  жергілікті іс-шаралар жоспары ретінде қабылданған «Іскер қала» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. «Шымкенттіктердің көпшілігі болмысы­нан іскер, жеке бизнеске бейім болып келеді. Бағдарламаны осылай деп атауымыздың сыры да осында. Қазір ағаш ұстасы секілді әртүрлі кәсіп­пен айналысатын азаматтардың көпшілігі біреулердің ғимаратын қымбатқа жалдауға мәжбүр немесе жер­төле секілді тар жерлерде жұмыс істейді. Сондай-ақ мегаполисте қара­жаттың жоқтығынан басқа да себептерге байланыс­ты жұмысы тоқтап бос тұрған кәсіпорын ғимараттары жетерлік. Осыларды талдай келе, неге екі жаққа да бірдей тиімді тәсілді қолданбасқа деген ой келді. Яғни бос тұрған ғимарат иесіне арендасын төлеп, қаржылай пайда әкелсек, екінші жағынан қысылып тар жерде іс жасап жүрген кәсіпкерге кең, жайлы орын қарастырып береміз. Осылайша, инфрақұрылымы дайын кәсіпорын ғимаратын тауып, әр шаршы метрін мың теңгеден арендаға беруге және оның бағасын көтеріп жібермеуге алдын ала келісіп алдық. Ал кәсіпкерге беретін көмегіміз, аяққа тұрып алғанша алғашқы жылы жалдау құнының 75 %, екінші жылы 50 %, үшінші жылы 25 %  басқарма өтеп беретін болды. Осы идеямызға жергілікті әкімдік тарапы үлкен қызығушылық танытып, қолдау білдірді. Былтыр қанатқақты режім ретінде осы бағдарламаны іске асырып көрдік. Біраз кәсіпкер келісім беріп, қазір Silkway кәсіпорнында шағын орындарды жалға алып, жұмыстарын істеп жатыр. Биыл тағы екі өндірістік алаңды осы бағдарлама аясында жалға алып көргіміз келеді. Silkway өндіріс орнында он шақты кәсіпкер ісін жүргізіп отыр. Әрқайсысының жалдап отырған аудан көлемі де әртүрлі. Кәсіпкерлерден талап етілетіні, жалға алған аудан көлеміне қарай жұмыс орындарының санын да көбейтулері қажет. Мәселен, 100 шаршы метрге 1-2 адам, 100-200 шаршы метрге 3-4 адам жұмысқа қабылдануы керек», - деді қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқар­масының басшысы Б.Дүйсебеков.

Осы ретте, басқарма кәсіпкерлерге шағын бизнес өкілдеріне қаржылай қолдау механизмін де ұсынып отыр. Яғни қажетті құрал-саймандар мен құрылғылар сатып алып, ұстаханасын жабдықтауға жылдық 2 пайыз мөлшерлемемен 50 млн теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік қарастырылған Бірақ бұл қолдау шарасы тек өндірістік алаңда жұмыс істейтін кәсіпкерлерге ғана қатысты нәрсе екен. 

Өнеркәсіптік алаңдар – қала экономикасының тірегі
Мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерліктің өрісін кеңейтіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу