«Белла жиһазына» сұраныс қашанда жоғары

Oinet.kz 17-11-2022 426

Screenshot_2.png

Шымкент – шағын кәсіпкерлік дамыған шаһар. Қалада соңғы жылдары өндіріс орындарының саны артып, жұмыссыздардың қатары азайып келеді. Бұған мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған түрлі бағдарламалардың септігі тигені анық.  Әсіресе индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының арқасында қалада көптеген кәсіпорындар қанаттанды. Бағдарама өзінің тиімділігін дәлелдеуінің арқасында өміршең жобаға айналды. Бағдарламаның бірінші кезеңі 2014 жылға дейінгі аралықты қамтыды. Кейін 2015-2019 жылдарға арналған екінші кезеңі іске асырылды. Қазіргі таңда 2020-2025 жылдар аралығын қамтитын үшінші кезеңі жүзеге асырылуда. Мамандардың айтуынша бағдарламаның  бірінші бесжылдығында шаһарда 89 миллиард теңгеге 63 кәсіпорын бой көтеріп, соның нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған. Екінші бесжылдықта 97,4 миллиард теңгеге 41 жоба қолдау тапқан. Соның арқасында 2,5 мыңға жуық адам тұрақты жұмысқа орналасты. 2020-2021 жылдар кезеңінде 414,3 миллиард  теңгеге 90 жоба қолға алынды. 7,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Өткен жылы 21 жобаны жүзеге асыруға 37,5 миллиард теңге жұмсалыпты. Бір мыңдай адам өздеріне тұрақты жұмыс тапқан.

 Бағдарламаның екінші кезеңінде жүзеге асқан жобалардың бірі - ЖК «Рахманкулов А.П.». Жеке кәсіпкерлік «Белла жиһазын» атты брендпен танымал. Яғни шаһардағы 4 мың комплект жиһаз шырауға қауқарлы ірі жиһаз фабрикаларының бірі.  Құны 506 миллион теңге болатын жобаның 300 миллион теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында алған. «Белла жиһазы» брендімен шығарлатын өндірісте заманауи технологиялар қолданылады. Мұнда 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Заман талабына сай әсем жиһаздар көпшіліктің сұранысына ие. Сапасы жоғары, талғамға сай жиһазға тапсырыс берушілер де көп. Жалпы Шымкент қаласында  жиһаз өндірісімен айналысатын ірілі ұсақты кәсіпорындар жетерлік. Тіпті, қазіргі таңда Шымқала жиһаз өндіру саласы бойынша республикада көш бастап тұр. Дегенмен «Рахманқұлов» кәсіпкерлігі шығаратын өнімнің орны ерек. Әлемдегі ең өтімді брендті өнімдерден еш кемдігі жоқ. Артықшылығы болмаса. Алдағы уақытта өндіріс орны өнім көлемін көбейтіп, жұмыс орнын да арттырмақ ниетте.

 Жиһаз фабрикасының өнімдері тек Қазақстанда ғана емес сонымен қатар көршілес Ресей елінде де сұранысқа ие. 

Қалдықтан өнім шығарып отырған кәсіпорын
Мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысын бастаған кәсіпорын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу