Индустриалды аймақтар - қаланың мақтанышы

Oinet.kz 16-11-2022 334

image.png

 Бүгінгі таңда Шымкент қаласы аумағында 2 индустриялды аймақ бар. Ол «Оңтүстік» пен «Тассай» индустриалды аймақтары. 

 – Жалпы мегаполистегі индустриалды аймақтардың аумағы 426 гектарды құрайды. 2010 жылы ашылған «Оңтүстік» индустриалды аймағында кәсіпорындар 337 гектар жерде орналасқан. Ал «Тассай» индустриалды аймағының аумағы 89 гектарға тең, 2015 жылы қазығы қағылған. Индустриалды аймақтардың жағдайы қандай, осы күнге дейін қанша жоба жүзеге асырылды деген сауалға келсек, қазіргі таңда индустриалды аймақтардың  аумағы 95 пайызға толған. Яғни жобаларды жүзеге асыру жоспары осыншама пайызға орындалды деген сөз. Қос аймақта 134,7 миллиард  теңгеге 128 кәсіпорын құру және 7 мыңнан астам жұмыс орнын ашу бойынша жұмыстар қолға алынуда. Соның ішінде бүгінгі таңда 90 миллиард  теңге қаржыға нақты 89 жоба іске асырылып, 5 мыңдай адам тұрақты жұмысқа орналасты»,- дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков.

Ресми дерек бойынша 2020 жылы индустриалды аймақтарға жалпы саны 25,6 миллиард теңге инвестиция тартылған. Қомақты қаражатқа 9 өндіріс орны бой көтеріп, 431 жаңа жұмыс орны ашылған. Сонымен бірге жобаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, өзекті мәселелері анықталып, мемлекеттік қолдау көрсетілген.

Береке Талғатұлы  индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймақ  қала экономикасының дамуына зор үлес қосып жатқанын айтады. Шын мәнінде индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар қала экономикасын өрге сүйреуші негізгі драйвер болып саналады. Себебі, өндірістік аймақтарда өнімдер өндіріліп, сол шығарылған тауардан түскен пайда мегаполистің бюджетіне салықтық түсімдер әкеледі. Соның нәтижесінде қаланың экономикасы тұрақталып, халықтың жұмысқа орналасуы арқылы әлеуметтік мәселесі шешімін табады.

Индустриалды аймақтар - қаланың мақтанышы
Бизнес өкіліне нендей жеңілдіктер жасалады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу