Зауыттың өз күн электр стансасы бар

Oinet.kz 06-11-2022 222

Screenshot_6.png

Шымкент қаласы бойынша экология департаменті мемлекеттік экологиялық сараптамамен келісілген 10 жоба бойынша ауаға шығарындылардың төмендеуі жылына 2300 тоннаны құраған. Ал қала бойынша негізгі 4 ірі («ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Шымкентцемент» АҚ, «3-Энергоорталык» АҚ, «Стандартцемент» ЖШС) кәсіпорындарынан нақты ауаға шығарындылар 2018 жылы 23590 тоннадан өткен жылы 18461 тоннаға дейін төмендетілген.

Мұндай нәтижеге жетуге ірі кәсіпорнынның бірі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ге орнатылған жаңа қондырғылардың арқасында мүмкін болып отыр. Зауыт өкілдерінің айтуынша 

өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес кәсіпорында шекті-рұқсат етілген шығарындылар мен төгінділердің белгіленген нормативтерінің сақталуын бақылау және зауыттың санитарлық-қорғалатын аймағындағы топырақ сапасын бақылау аясында зауыт нысандарына тексеру жүргізіледі және қоршаған орта компоненттерінің жағдайына аспаптық өлшеулер жүргізіледі.

Тазалау құрылғыларын жаңғырту аясында мұнай шламын өңдеу торабы салынып, пайдалануға берілген. Мұнай шламын 3 фазаға бөлетін және сүзіліп алынған мұнай өнімдерін технологиялық процеске қайтаратын декантерлік қондырғыда өңдеу қарастырылған. Бұл шара экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, себебі ол кәсіпорынның шламжинағыштарында мұнай өнімдерінің жиналуын болдырмайды.

Экологиялық аспекті мен қоршаған ортаға әсердің арасындағы байланыс себеп пен салдардың байланысы екенін, сондай-ақ кез-келген экологиялық аспект Кәсіпорынның қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін қызметінің элементімен байланысты екенін басшылыққа ала отырып, Кәсіпорында DP-13-01-15 «Маңызды экологиялық аспектілерді анықтау» процедурасы дайындалып, қолданысқа енгізілген. Бұл процедурада Кәсіпорынның экологиялық аспектілерін сәйкестендіру және олардың маңыздылық дәрежесін анықтау әдісі айқындалған.

 Зауытта  2019 жылдан бастап күн электр стансасы пайдалануға енгізілген. Сондай-ақ кәсіпорынды жаңғырту қондырғыларының құрамында электр энергиясын өндіретін жетектер – турбодетандер мен бутурбогенераторы енгізілген. Және жел-күн энергиясынан энергия алатын, автономды-комбинирленген жүйесі бар 10 шам пайдалануға қосылған. Әр шамның қуаты 100Вт, түнгі уақытта 8 сағат энергия тұтынады. 

Қоқыс та кәдеге жарайды
Жаңа қондырғылар ауаны ластауға жол бермейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу