Қоқыс та кәдеге жарайды

Oinet.kz 08-11-2022 304

image.png

Елімізде тұрмыстық қатты қал­дықтар көлемі күн өт­кен сайын артып келеді. Бұл еліміздегі тұрмыстық қат­­ты қалдықтардың қорша­ған ор­таға кері әсерін тигіз­іп, эколо­гия­лық ахуалға а­йтар­лық­тай нұқсан келтіріп жат­қанын көрсетеді.

Жалпы тұрмыстық қатты қалдықтардың құрамына тағам, қағаз, металл сынықтары, резеңке, шыны, ағаш, мата және пластик, синтетикалық қалдықтар кіреді. Полигондардағы тұрмыстық қатты қалдықтар күннің жылынуы немесе өрттің кесірінен еріп, физика-химиялық және биохимиялық үрдістердің жү-руіне ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда, қоқыстарды сақтау барысында сұйық, қатты және газ тәрізді көптеген улы химикаттар пайда болады. Ал бұның биосфераға және адамзат өміріне үлкен қауіп төндіретіні әмбеге аян. Қоршаған ортаға келетін биогендік әсердің нәтижесінде жәндіктер, құстар, кеміргіштер арқылы бактериялар мен вирустар алыс қашықтықтарға тарайды.

Сонымен қатар, мамандар сұйық өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар топырақ және өсімдік қабатын, жер асты суларын улы заттармен жоғары деңгейде концентрациялайды. Сол себепті, қоршаған ортадағы қоқыстарды қадағалау, оның заңға сай белгіленген орындарға төгілуі мен тазалануын ұйымдастыру жұмыстары аса маңызды.

Аталған проблеманы шешудің жолдары «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасында көзделген. Жоба аясында қазір өңірлерде ауқымды шаралар, бастамалар қола алынуда. Айталық қазіргі таңда Шымкент қаласы Ақтас-1 елді мекеніндегі полигон жанынан қатты тұрмыстық қалдықты энергетикалық кәдеге жарату кәсіпорнын ашу жұмыстары қолға алынуда. Қалалық экология департаменті басшысы міндетін атқарушы Е.Қозыбаевтың айтуынша, бұл мақсатта полигонның жанынан арнайы жер бөлінген. Жобалық-сметалық құжаты дайындалып жатыр. Ал тұрмыстық қалдықты сұрыптап жинау үшін аудан әкімдіктері жыл соңына дейін 125 контейнер сатып алуды жоспарлап отыр.

Қала әкімі шаһардың экологиялық жағдайын жақсарту, өндіріс, құрылыс қалдығын жою, жасыл желек қорын ұлғайту, тазалық сақтауда қоғамдық сананы өзгерту бағыттары бойынша сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Қазіргі уақытта қаланың жасыл белдеуін қалыптастыру, көгалдандыру бағытындағы мәселелер кезең-кезең бойынша шешімін табуда. Кептелістерді болдырмау мақсатында арнайы жолайрықтар салынып, қоғамдық көліктердің барлығы табиғи газға көшуде.

Табиғат пайдаланушыларға қойылар талап күшейіп келеді
Зауыттың өз күн электр стансасы бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу