Алыстан іздеген арбаны Шымкенттен-ақ таба аласыз
Соңғы жылдары кәсіпкерлікті қолдаудың түрлі бағдарламалары нәтижесінде елімізде өндіріс сласы қарыштап дамып келеді. Барлық затқа дерлік шетелдік тауарларға тәуелді болған еліміз қазір барлығын өзі өндіретін мемлекетке айналып келеді. Бір айта кетерлігі, әсіресе «шымкентте өндірілген» тауарлардың сауда қатарлары мен сөрелерін жаулап ала бастауы көңілді қуантады.
Үшінші мегаполисте осындай жұмысы алға жылжыған кәсіпорынның бірі - «Тассай» индустриалды аймағында0,6 гектар аумақта орналасқан «TABA INDUSTRIAL» ЖШС. Бұл бау-бақшаға арналған арбаларды дайындайтын зауыт. Кәсіпорын халық тұтынатын тауарлар өндірісін дамытуда. 2020 жылы іске қосылған өндірістің жоба құны – 510 миллон теңге. Бүгінде 65 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылына екі аяқты арбаның 300 000 данасын және бір дөңгелекті арбаның 150 000 данасын сондай-ақ жеке-дара дөңгелектердің 100 000 данасын шығарады. Зауытта түрік қондырғылары орнатылған. Шикізаттың барлығы өзіміздікі, отандық. Ал арбаның дөңгелектеріндегі резеңкелер кабельдерден қайта өңделіп жасалады. Бау-бақшаға арналған арбаның әр деталі аса мұқияттылықпен жасалады.
«Әуелі темір құбырларды аламын да аппаратқа саламын.Ол өздігінен майыстырып, қажетті пішінге келтіреді. Одан кейін басқа да детальдарын алып бояуға жібереміз»,- дейді «TABA INDUSTRIAL» ЖШС қызметкері Айдын Расулов.
Бұл арбаларға деген сұраныс жоғары. Еліміздің барлық аймақтарына таратылады. Сондай-ақ Қырғыстан, Өзбекстан және Армения елдеріне экспортталады.
«Металл өте сапалы. Дөңгелектер өзімізде шығарылады. Жалпы арбаның барлық деталі өзімізді шығарылады»,- дейді «TABA INDUSTRIAL» ЖШС қызметкері Жамал Омарова.
Бұл арбаларды бау-бақшада ғана емес басқа да бағытта түрлі жұмысқа пайдалана беруге болады. Өйткені құрылымы сапалы, берік. Бағасы да шетелдік өнімдермен салыстырғанда төмен, қолжетімді. Сол себепті арбаны алыстан іздемей, Шымкенттік тауарды таңдаңыз.