Жиһаз цехын ашқан қос азамат

Oinet.kz 08-11-2022 553

image.png

Елімізде әсіресе жастарды кәсіпкерлікке баулу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл бағытта көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар қолға алынған. Солардың бірі "Жас кәсіпкер" жобасы. 

Күлпідін Нұрдәулет және Бекбауов Нұрдәулет – Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасындағы  "Жас кәсіпкер" жобасына қатысып,  кәсіпкерлік негіздерін үйреніп, мемлекеттік грантқа қол жеткізіп, ортақ кәсіптерін ашқан азаматтар.

Қос тұрғынның 18 шаршы метрден және 3-4 жұмысшымен бастаған кәсіптері қазіргі таңда 250 шаршы метрге ұзарып жұмысшылардың саны 15-ке жеткен. 

"Жобаға қатысып, мамандардан дәріс алған соң аттасым екеуміз қандай кәсіп ашсақ деп ойландық. Алдымен барлық кәсіпкерлер секілді халық арасында талдау жүргізіп алдық. Зерттеуіміздің нәтижесінде жиһаздарға елдің сұранысы көп екенін байқадық. Әрі бұл жігіттерге тән бизнес, қолымыздан да біраз іс келеді. Сөйтіп ойласып, жиһаз цехын аштық. Алғашқыда цехымыз шағын ғана болатын. Кейіннен ұлғайттық. Жалпы клиенттермен жұмыс істеу 17 кезеңнен тұрады. Біздің кәсібіміздің басты талабы тапсырыс берушінің көңілінен шығу және жиһаздың сапасының жоғары болуы. Тапсырысты алғанан кейін жиһазды жасауға шамамен 1-105 ай уақыт кетеді. шеберлеріміз барлығын дәлдікпен есептейді. Олар өз ісінің мамандары. Мен кәсіпкерлер палатасының мамандарына үлкен алғысымды білдіремін. Себебі алғашқы баспалдақ, алғашқы білім болмаса біз қазір осы цехтың жұмысын алып кетуіміз әрине ектілай еді. Ал мен секілді жастарға айтарым, қол қусырып қарап отырмаңыздар. ойдағы жоспарларыңызды іс жүзінде іске асырыңыздар. Оған мамандар көмектеседі. Ең бастысы өзіңіздің ерік-жігер мен ниетінің болса жеткілікті. Қалғанын ұйымдастыруға болады",- дейді жас кәсіпкер Нұрдәулет Күлпідін. 

Несиесін пайдалы кәсіпке жұмсаған
Тұтынушысы көп компания
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу