«Бір тал кессең, он тал ек»

Oinet.kz 29-10-2022 812

image.png

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Әрбір ағаш қандай да бір тіршілік иесінің пайдасына асса, бір құс ұя салып, жемістерін жесе, бір адам көлеңкесін саялап, кәдесіне жаратса, осының өзі үлкен сауапты іс. 

Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкент атына заты сай шаһарлардың бірі. Жасыл желекке оранған қалада жылына қаншама ағаш егіліп, соншасы күтіп-бапталуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында 2024 жылға дейін қала маңындағы жасыл белдеудің жалпы көлемін 13 мың гектарға  дейін жеткізу жоспарланған. Белгіленген межеге жету мақсатында биылғы жылы қалада 200 мың түп көшет отырғызу жоспарланған. 

Қаладағы әрбір ағаш мамандардың тікелей бақылауында. Ағаштарды рұқсатсыз кесу бұл заң бұзушылық болып табылады. Әйтсе де мегаполисте ағаштарды заңсыз кесу жағдайлары орын  алып тұрады. Ал мұның өтеуі әкімшілік жаза мен айыппұлдан бөлек орнына ағаш егу болып табылады.  

«Қалада ағашты рұқсатсыз кескендер кездесіп жатады. Егер мұндай жағдай анықталса келтірілген залал есептеледі. Біздің басқармада айыппұл салу функциясы жоқ. Сондықтан біздің мамандар полиция өкілдерін шақырта отырып, келген залалды есептейміз. Әрі қарай полиция заң бұзған азаматқа 381-386 бап бойынша айыппұл салады. Айта кетерлігі мұндай «жаза», яғни айыппұл қоршаған ортаға зиян келтірушілердің санын азайтуға септігін тигізуде»,- дейді Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы  көгалдандыру және орман шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Сейітжанов. 

Бөлім басшысының айтуынша заңсыз  ағаш кескен адам айыппұлмен құтылып кетпейді. Сонымен қатар ол егер бір ағаш кескен болса тура сол кесілген ағаштың түрінен 10 көшетін отырғызуға міндетті. Отырғызып қана қоймай оны үш жыл күтіп-баптау жауапкершілігін де алады. Биылғы жылы осындай айыппұл және ағаш егу міндеттемесін алғандардың есебінен 15 мың ағаш көшеттері егілмек. Оның ішінде рұқсат алған кәсіпкерлер де бар көрінеді.  Айта кетейік, бұл көшеттер жоғарыда аталған егілуі тиіс 200 мың көшеттің ішіне кірмейді.  

Дендросаябақтың гендік қоры көбейіп келеді
Шымқаланың орман қоры 2027 жылға дейін молықтырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу