Шымкент – кәсіп бастауға қолайлы қала

Oinet.kz 20-10-2022 432

image.png

Өнеркәсіптің орталығына айналып отырған Шымкент қаласында күнделікті тұрмысқа қажетті заттардың барлығы дерлік өндірілуде. Тіпті сулы майлықтар да. Өтандық өнімдердің қатарын толықтырып отырған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы «Далсан» ЖШС-ның әлеуеті зор. 

2020 жылдың қыркүйек айында тұсауын кесілген өндіріс ошағында бүгінде айына үш түрлі – 15 даналықтан 850 мың, 70 және 120 даналықтан 9 мың майлық шығарылуда.

«DALSAN» ЖШС өнімдері өндірістің барлық сатыларында сапаны тұрақты бақылай отырып, мемлекетаралық стандарттың барлық талаптарын сақтап, қазіргі заманғы еуропалық жабдықта түрік технологиясы бойынша өндіріледі. Сондай-ақ, бактерияға қарсы әсері бар жұмсақ матадан жасалады. Өнімдер корпоративті клиенттер нарығында, дәріханаларда, клиникаларда және дүкендерде сатуға арналған. Жобаны іске асыруға жұмсалған инвестицияның жалпы құны 500 мың АҚШ долларын құрайды. Егер қазіргі уақытта кәсіпорында 12 жұмыс орны ашылса, толық жобалық қуаттылыққа шыққан кезде жұмыс орындарының санын 45 адамға дейін арттыру жоспарлануда. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 300 мыңға жуық дымқыл майлықтар шығаруға мүмкіндік береді. Компания өнімдері ішкі нарықта сатылуда.  

Фабрика директорының айтуынша, өндірісте 5 түрлі шикізат қолданылады. Оның барлығы Түркиядан әкелінген. Өндіріске қажетті құралдар мен құрылғылар да түрік ағайындардыкі. Ылғалды сулықтар – тұтынушылар арасында өте танымал өнім, алайда оның басым бөлігі шетелден әкелінеді. Мұндай өндірістің артықшылығы – шығын материалдарына тым көп қаржы кетпейді. 

– 2006 жылы Түркияда шығатын жөргекті Қазақстанда сату үшін келдім. Содан бері сіздердің нарықты зерттеп келемін. Таңдауымыздың Шымкентке түсудегі себебі – «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы жан-жақты жеңілдіктер және күнгейдің қолайлы климаты болды. Мұнда кәсіп бастау аса қиын болмады. Біріншіден, өндірістік желі үшін бөлме және материалдар мен дайын өнімді сақтауға болатын қойма дайындадым. Келесі қадам – өндіріс желісін сатып алу. Ылғалды сулықтар өндіруге арналған толық автоматты жабдық салфеткаларды өндіру, кесу және буып-түю үшін қолданылады. Майлық креп-қағаз немесе спан-дэкстен жасалады. Ал дайын өнімді салатын қорапты қасымыздағы «KazBiolife» компаниясынан сатып аламыз, - дейді Дал Халил.

Түйме өндірісін қолға алған
Ерекше кәсіп бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу