Тәжірибе алаңына айналды

Oinet.kz 18-10-2022 595

image.png

Шымкенттегі кәсіпкерліктің ордасы саналған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тек кәсіппен айналысуға ғана емес сонымен қатар кәсіпті  оқып үйренуге мүмкіндік бар. Себебі мұнда 2020 жылы  Жеңіл өнеркәсібінің құзыреттілік орталығы іске қосылған болатын. Аталған орталықтың 40 түлегі өткен  жылдың қорытындысы бойынша «Оңтүстік» АЭА-ның фабрикаларына жұмысқа орналасты. Жалпы былтырғы жылы «Оңтүстік» АЭА кәсіпорындарында Жеңіл өнеркәсібінің құзіреттілік орталығының 150-ден астам студенті оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өтті.

 Іс-тәжірибе болашақ кәсіпкерлер үшін аса маңызды. Өйткені бизнес бастау үшін тек қаражат емес білімнің де болуы аса маңызды. Жеңіл өнеркәсіптің құзіреттілік орталығын құрудағы мақсат - АЭА кәсіпорындары арасында инновациялық бағдарламалар мен технологиялар тәжірибесін енгізу; оқыту бағдарламалары арқылы өндірістен педагогтерді, мамандарды, сарапшыларды, кәсіпкерлерді қайта даярлау; «WordSkills» стандарттары бойынша чемпионаттарды дайындау және үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу. Орталықта «кестелеуші», «сандық модельер», «пішуші», «киім құрастырушы», «модельер-құрастырушы», «тігін өндірісінің технологы», «бас киім модисті», «киім дизайны», «тігін жабдығының операторы» секілді құзіреттіліктер ашылған.  Орталықта жалпы  8 өндірістік шеберхана бар. “Жас маман” жобасы бойынша қаладағы колледждер қаржылай қолдауға ие болып әрі студенттерін осы орталықтарға жібере алады. 

Айта кетейік,  былтырғы жылдың ақпан айында «Альянс» СӨК» ЖШС (2015 жылдан бері тоқтап тұрған Ютекс, Ютекс KZ, Меланж кәсіпорындары атымен танымал) және «Azala Textile» ЖШС кәсіпорындарының аумақтары «Оңтүстік» АЭА аумағына субаймақ ретінде қосылып, «Оңтүстік» АЭА қатысушысы мәртебесін алған болатын.

2021 жылдың қорытындысы бойынша аталған кәсіпорындар өндірген өнімнің жалпы көлемі 8,6 миллиард теңгені құрап, 2,5 миллиард  теңге көлеміндегі өнім экспортталған. Бұл кәсіпорындарда 800-ден астам адам жұмыс орнымен қамтылды.

«Оңтүстік» АЭА-ның болашағы зор
Мемлекеттен қолдау тапқан кәсіпорындар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу