Медицина нысандарының қатары артып келеді

Oinet.kz 05-10-2022 327

image.png

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ экономикалық дамуға инвестицияларды тартудың маңызды құралы болып табылады. МЖӘ-нің негізгі мақсаттары: Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік серіктес пен жеке серіктестің тиімді өзара әрекеттесуіне жағдай жасау; инфрақұрылымды және халықтың өмірін қолдау жүйесін дамыту үшін мемлекеттік серіктес пен жеке серіктестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекет экономикасына инвестицияларды тарту; халықтың, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру; Қазақстан Республикасындағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі мемлекет пен бизнестің өзара пайдалы ынтымақтастығын арттырып, ұсынылатын қызметтер сапасын жақсартуға және қажетті инфрақұрылымдарды жаңғыртуға мүмкіндік береді. 

Шымкент қаласында аталған жоба аясында көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Соның ішінде тұрғындарға аса қажетті медициналық нысандардың да қатары артып келеді.

Солардың бірі №1 қалалық клиникалық аурухана базасындағы терапия және гемокоррекция орталығы болса, екіншісі "Медикер-ЮК" ЖШС-нің халыққа амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету үшін қалалық емхана құру жобасы.

Сондай -ақ, "Қайтпас" шағын ауданындағы бір ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана мен қалалық жедел медициналық жәрдем станциясын жаңғырту жобалары бар. Қазіргі уақытта әлемдік стандарттар бойынша Call-орталық жұмыс істейді.

Жоғарыда аталған төрт жоба өз жұмысын бастап, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуде. Ал, бүгінгі таңда қалалық онкологиялық орталығы базасында ПЭТ орталығы мен сәулелік терапия орталығының қызметтерін ұсыну жобасы жүзеге асырылуда. Осылайша, жеке инвестиция тарту арқылы  бюджет жүктемесі төмендетіліп отыр.

Үш тілде білім береді
Білім сапасы басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу