Индустриалды аймақтар - кәсіпкерлер ордасы

Oinet.kz 05-10-2022 359

image.png

Шымкент қаласында кәсіпкерлік нысандардың артуына байналысты оларды бірге шоғырландыру аса маңызды. Осы мақсатта   үшінші мегаполисте  жүзеге асуы тиіс жобалардың бірі -  «Стандарт» жекеменшік индустриялық аймағы. Бұл аймақтың ерекшелігі - инвестор өз қаражаты есебінен 176 мың шаршы метр дайын өндірістік алаңдарын салып, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынады. Кәсіпкерлерге қаржы институттары мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда аумақтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қалалық кәсіпкерлік басқармасы мамандарының сөзінше индустриалық аймақтарда кәсіпорындарға үлкен жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер уческелері ұсынылады. Бизнес өкіліне жобасын жүзеге асыру үшін нағыз керегі осы жер телімі. Және  жер учаскелеріне мемлекет тарапынан инженерлік жүйелерге қосылу нүктелері тартылған.

Қаладағы кәсіпкерлікті дамытудың тағы бір ауқымды  жобасы  аумағы 132 га құрайтын «Бозарық» агро-индустриялық аймағы. Басты бағыты - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта терең өңдеу. Нақтырақ айтқанда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндіру зауытын және сүт өндіру зауытын салу жобаларын жүзеге асыру, сонымен қатар шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, сүрлейтін жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Алдағы уақытта аймақта 21 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Бүгінгі таңда 7 млрд. теңгеге 6 жобаны іске асыруға жер телімдері ұсынылған.  

Айта кетсек Шымкентте жұмыс істеп тұрған 1 арнайы экономикалық, 2 индустриалды және 1 көлік-логистикалық аймақта 123 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Аталған аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын тартуға бюжеттен бөлінген әр теңгеге 22 теңгеден инвестиция тартылған. 

Мамандардың мәліметінше  өткен жылы қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 10 пайызға артып, 710 млрд теңгеге жеткен. Ал, қала экономикасына тартылған тікелей инвестицияның көлемі былтырғы жылы 65 пайызға артып, 462 млрд 100 млн теңгеге жеткен.

Осылайша индустриалды аймақтар мен мен арнайы экономикалық аймақ қала экономикасының, кәсіпкерлігінің  дамуына зор үлес қосып келеді. Шын мәнінде индустриялды және арнайы экономикалық аймақтар кәсіпкерлікті, қала экономикасын өрге сүйреуші негізгі драйвер болып саналады.

«Жұлдыздың» жұлдызы жанбақ
Ортақ жоба - балалардың жарқын болашағына қызмет етуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу