Шымкентте мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда

Oinet.kz 03-10-2022 625

image.png

Шымкентте кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылып келеді. Мәселен қаладағы «Тассай» индустриялық аймағының жанынан «Silkway Alliance» өндірістік паркі іске қосылған болатын. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өндірістік парк «Іскер қала» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған пилоттық жоба. Мұндағы барлық инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған дайын өндірістік алаңдар кәсіпкерлерге ұсынылуда. Парктің жалпы алаңы 4,4 га құрайды. Оның 3 мыңға жуық текше метрі өндірістік алаңдар үшін, ал, 1 мыңнан астам т\м кеңсе алаңы үшін жалға беріліп жатыр. Қалалық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебековтің айтуынша жобаның бірінші кезеңінде 15 резидентті орналастыру жоспарланған. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 1 жылға ұзарту жөнінде шешім қабылдағаны мәлім. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік туғызды. Қалада бүгінде аталған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 2 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілген. Ал «Мен кәсіпкер боламын» жобасымен әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін 10 млн теңгеге дейін 1%-дық 6 шағын несиелер беру қарастырылған. Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасау үшін «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы жұмыс істейді. 

 Өткен жылы кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent – Atameken» микроқаржы ұйымы құрылған. Бұл жұмыстардың барлығы кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында қолға алынған жұмыстар.

Ал «Іскер қала» бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.  Бағдарлама 3 бағыттан тұрады. Бірінші бағыт — өндіріс саласы бойынша қалада тоқтап тұрған немесе бос тұрған ғимараттардың ішінде өндірістік парктер құру. Екінші бағыты – ауылшаруашылық кооперативін құру арқылы якорлы кәсіпорындарды тиісті өніммен қамтамасыз ету. Үшінші бағыт – 1000 сауда нүктесі.

Жалпы, «Іскер қала» бағдарламасының іске асырылуы арқылы 3 жылда 13,3 млрд теңге инвестиция тартуға, 2,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға, 1 мыңнан астам жаңа кәсіпорындарды ашылуы межеленген. Нәтижесінде бюджетке жылына 103 млн тг салық түсуі күтілуде.

Медицина бұйымдарын шығаратын кәсіпорынның болашағы зор
Шымкент - Қазақстанның кәсіпкерлік өңірі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу