Шымкентте қоқыс өңдеу зауыты салынады
Шымкентте алдағы жылдары өзінің қоқысты қайта өңдейтін зауыты пайда болады. Бұл туралы «Waste2Energy» ЖШС бас директорының кеңесшісі Әбдіманап Жұмаділдаев мәлімдеді. Оның айтуынша, болашақта қоқыс өңдеу зауытында жылына 200 мың тоннаға дейін қалдық жағылады. Осының арқасында кәсіпорын электр қуатын өндіретін болады. Жылына өндірілетін электр қуатының көлемі - 15,2 МВт болады.
«Зауыттан шығатын өнеркәсіптік қалдықтар экологиялық талаптарға сай болады және стандарттардан аспайды. Біздің зауыт барлық еуропалық стандарттарға сәйкес келеді, біз одан да әрі қарай дамып, тазалаудың тағы екі кезеңін қостық. Сонымен қатар, автоматтандырылған бақылау жүйесі орнатылады. Яғни, құбырға сенсорлар орнатылып, мамандарымыз онлайн режимінде көрсеткіштерді бақылайды. Егер қалдықтардағы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы асып кетсе, бұл кәсіпорынның барлық жүйелерді тазарту үшін дереу тоқтатылатынын білдіреді», - дейді Әбдіманап Жұмаділдаев.
Яғни зауыт экологиялық талаптарға сай жұмыс істейді. Зауыт өз кезегіне қала экологиясының жақсаруына өз үлесін қосып, қаладағы электр мәселесін шешуге де оң ықпал етпек.