200-ден аса шымкенттік кәсіпкер жәрмеңкеге өнімдерін қойды

Oinet.kz 23-11-2021 665

Screenshot_14.jpg

Шымкент қаласында басқа салалармен қатар ауыл шаруашылығы саласы да кең қанат жайып келеді. Шымкенттік ауыл шаруашылығы өнімдері республиканың түкпір-түкпіріне тарап, тұрғындары сапалы өнімдермен қамтамасыз етіп отыр. 

Шымкент қаласы өзге қала, аудандармен әрқашан тығыз қарым-қатынас орнатып, ел игілігі үшін тынымсыз жұмыс істеуде.

Бүгін Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 30 жылына орай, қала әкімдігінің қолдауымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадионы алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

Жәрмеңкеге жалпы 200-ден астам қала кәсіпкерлері және 50-ден астам Түркістан облысының тауар өндірушілері қатысып, қала тұрғындарына сапалы және нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен бағада азық-түлік тауарлары ұсынылды. Түркістан облысының Түлкібас, Төлеби, Отырар, Қазығұрт, Сарыағаш, Ордабасы, Бәйдібек, Шардара аудандары жәрмеңкеге қала тұрғындарына 6 тонна ет, 3 тонна сүт өнімдері, 15 тонна картоп, 7 тонна жеміс-жидек, 4 тонна қызанақ, 2 тонна қияр мен жеміс шырындарын әкелді. 

Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат –халықты тиімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Аталған жәрмеңке жергілікті шаруаларға өз тауарларын делдалсыз сатуға мүмкіндік берді.

«Оңтүстік» индустриалды аймағындағы кәсіпорындар жас мамандарды жұмыспен қамтиды
Шымкент әуежайының жолаушылар терминалының екінші кезеңі аяқталуға жақын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу