Дубай мен Шымкент арасында туризмді дамытуға арналған меморандум түзілді
Дубайда өтіп жатқан «Шымкент қаласының күндері» аясында, туристерді тартуда бірлескен шараларды жоспарлау және ішкі, сыртқы, медициналық туризмді дамыту мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі мен «Nirvana Travel and Tourism LLC», «New magic LifeStyle», «Unique Group Hotel’s and travel», және «Seaside Investment Dubai» компанияларымен екіжақты меморандум түзілді.
Меморандум аясында бірлескен роуд-шоулар ұйымдастыру, имидждік өнімдерімен алмасу, көрмелерге, форумдарға, конференцияларға бірлесіп қатысу, бірге айқындайтын ынтымақтастықтың басқа да бағыттарын қолдау және ұйымдастыру сынды келісімдерге келді.
Шымкент қаласының күндері 22-25 күндері аралығында өтеді. Ал, жалпы «EXPO Dubai 2020» Халықаралық көрмесі сәуір айына дейін жалғасады. Мұнда 200-ге жуық елдің павилоны қойылған. Соның ішінде, Қазақстан павилонына күніне 3 мыңға жуық адам келіп тамашалауда.
Іс-шараға Шымкент қаласынан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қала әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев, Ерлан Кыдыров, Қазақстанның БАӘ-дағы елшісі Мадияр Меңілбеков және Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Б. Нарымбетов пен бірқатар депутаттар, бизнес қоғамдастықтарының бір топ делегациясы барды.