«Эгамназаров» сүт фермасы қала тұрғындарын сапалы өніммен қамтасыз етіп отыр

Oinet.kz 02-11-2021 442

Screenshot_3.jpg

Шымкент қаласында кәсіпкерлік нысандар аз емес. Көпшілігі табысқа шығып, отбасын асырап отыр. Себебі кәсіпкер шығарған өнімді алатын тұтынушы өте көп. Миллионнан аса тұрғыны бар қалада кәсіппен, шаруамен айналысу өте тиімді. Сондықтан да кәсіпкерлер тезірек өз кәсібін бастауға асыққаны абзал. 

Бүгін «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасының іске асырылуын бақылау жасау мақсатында Шымкент қалалық мәслихат депутаттары Бекайдар Төлегенов, Б.Қыдырбаев және Ж.Таңатарова «Эгамназаров» сүт фермасына барып, жұмыс барысымен танысты. Ферманың тіршілігімен қалалық ауылшаруашылық және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары таныстырып, мемлекет тарапынан беріліп жатқан субсидиялар жайлы айтып өтті. 

Яғни, 200 ірі қара малға салынған қорада Голландия мен Венгриядан әкелінген 140 гольштейн тұқымдас сиырлардан сүт  алынып, нарыққа шығарылып жатыр. Мемлекет тарапынан 70 млн. теңге субсидия берілген. 20-ға жуық азаматтар тұрақты жұмыстармен қамтылған. Аталған сүт фермасы қала тұрғындарын сапалы өніммен қамтамасыз етіп, ел алғысына бөленіп отыр.

Қаратау ауданына 26 млрд. теңге инвестиция тартылды
​«ПетроКазақстанОйлПродактс» қызметкерлердің 90%-нан астамы – Қазақстан азаматтары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу