Шымкенттің 2200 жылдығына арналған пошталық марка шығарылды

Oinet.kz 05-11-2021 810

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласы көпшілікті өзінің терең қатпарлы тарихымен қызықтырады. Қаланың ескі аумағындағы көне қалашық соның айқын дәлелі. Бүгінде мұнда саяхаттап келушілер саны күрт артқан. Қаланың ескі аумағы туристерді өзіне тартып, тылсым сезімге бөлейді. Туристерге де керегі осы. Олар эстетикалық ләззат алғысы келеді. 

Осы орайда туристерді қалаға тарту өте өзекті. Туристерді тартуда түрлі әдістерді қолдануға болады. Жақында «Қазпочта» АҚ Шымкент қаласы әкімдігінің ұсынысы бойынша «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» почта маркалары сериясы аясында «Шымкент қаласына 2200 жыл» почта маркасын қолданысқа енгізді. Марканы «Қазпочта» АҚ-ның кез келген бөлімшесінен сатып алуға болады. Мұндай пошталық марка әрбір адамға ерекше сезім сыйлары анық. Марка арқылы олар қаланың аурасын сезініп, тарихына бойлай алады.

Айта кетсек, ЮНЕСКО Бас конференциясының 40-шы сессиясының шешімімен Шымкенттің 2200 жылдығы ЮНЕСКО-ның 2020-2021 жылдарға арналған атаулы күндер мен мерейтойлар күнтізбесіне енгізілген болатын. Мерейтойды мерекелеу аясында қалада бірқатар іс-шаралар өткізілуде.

​Шымкентте халықаралық турнир өтуде
Қаратау ауданына 26 млрд. теңге инвестиция тартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу