«NURTAU Distribution Company» сағатына 300-400 келі шоколадты печенье өндіреді

Oinet.kz 01-11-2021 904

Screenshot_4.jpg

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Мұрат Жолдыхожаев пен Талғат Балтабаев Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі ретінде Nur Otan партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы негізінде қаладағы кәсіпкерлік мекемелерге мониторинг жұмыстарын жүргізді. 

Депутаттар барып, бақылаған мекеме - «NURTAU Distribution Company» ЖШС. 2016 жылы негізі қаланған. Ол уақытта мекеме импорттық тауарларды, атап айтқанда, жеке гигиена құралдары мен жуғыш заттарды сатумен айналысқан. Шымкентке сағыз жеткізуші жалғыз дистрибьютер де еді. 

2018 жылы кәсіпкерлер өздері де дайын өнімді шығара алатынына көз жеткізеді. 2 жыл ішінде коммуникация, өнімді өткізу сынды салалар бойынша тәжірибелері де бар еді. Серіктестер араға аз уақыт салып, шоколад, печенье және сағыз шығаратын кондитерлік фабрика ашуды ойластырады. 

Нәтижесінде 2019 жылы компания сұлы шоколады мен сағыз өндіретін кондитерлік фабриканың құрылысына жеңілдетілген несие алу үшін «Даму» қорына жүгінеді. «АТФ Банк» АҚ 15%-дық несиемен қаржыландырады. Несиенің 9%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды. Бүгінде жаңа кәсіпорын сағатына 300-400 келі шоколадты печенье, 400-500 келі сағыз өндіреді. Мүмкіндігі артқан мекеме тауарларына сұраныс жоғары. 

Қазіргі уақытта кәсіп ашып, нәсібін көремін деушілерге барынша жағдай жасалып келеді. Мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп, өзі пайда тауып, өзгені жұмыспен қамтып отырған азаматтар көп.

Шымкентте заманауи қоймалардың жұмысын жаңғырту жұмыстары қолға алынады
Шымкентте өндірілетін жылтыр плиталарға елімізде сұраныс жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу