«Bal Tekstil» компаниясы 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр
Шымкент қаласында «Dala kilemderi» көрме жәрмеңкесі 2016 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биыл да «Bal Tekstil» компаниясының ұйымдастыруымен» 16 - 25 қазан аралығында көрме орталығында өтуде. Жәрмеңке кәсіпкерлерді халыққа кеңінен таныстыру және қолдау мақсатында өткізілуде.
Жәрмеңке отандық кілем сапасы шетелдік өнімдерден кем түспейтіндігін дәлелдеп, халық арасында танымалдығын арттыруды мақсат еткен. Отандық өнімдермен қатар, Бельгия, Түркия, Иран, Ресей, Өзбекстан және Молдова елдерінің өнімдері де ұсынылуда. Bal Tekstil 2011 жылдың аяғында «Оңтүстік» АЭА тіркеліп, 2013 жылдың қазан айында өз өнімін шығара бастады. Содан бері бұл кәсіпорын сапалы өнімдерін халықтың ыстық ықыласына бөленіп үлгерді.
Қазіргі таңда жылына 5 млн шаршы метр кілем және кілем өнімдері мен 4 000 тонна полипропиленді жіп өнімдерін өндіруге қауқарлы. 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Компания 2000-ға жуық кілем дизайнын жасап, халықаралық сапа конкурстарынан жүлделі орындар иеленді. Қазіргі таңда Қазақстанның мақтанышына айналды.
Фабрика өнімдері Қазақстанның бүкіл облыстарының қала, аудан орталықтарында халыққа қолжетімді бағамен сатылуда.