Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 87 076 бірлікке жетті

Oinet.kz 21-10-2021 805

Screenshot_13.jpg

Кез-келген экономиканың негізгі рөл атқаратын драйвері - шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта кәсіпкерлік миллондаған адамды жұмыспен қамтып, салық түсімін арттырады. Шымкент қаласында бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері бойынша оң өсім бар. 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 87 076 бірлікті құрады: оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілер саны – 72 681.

2021 жылы кәсіпкерлікті қолдау нәтижесінде кәсіпкерлік субьектілер санының өсімі байқалады. Жылдың соңына дейін жұмыс істеп тұрған субьектілер санын 74,0 мың бірлікке жеткізу жоспарлануда.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 168 мың адамға жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,4 %-ға артып отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім көлемі биылғы 2 тоқсандағы жағдай бойынша 645,5 млрд теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 149,8 %-ға артқан.

Шағын және орта кәсіпкерліктің әрі қарай дамуы және бекітілген индикаторлардың орындалуы қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы арқылы қол жеткізілетін болады.

Өнеркәсіп өнімінің көлемін 710,0 млрд теңгеге жетпек
Шымкент – инновация жұмылдыру бойынша алғашқы орында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу