Шымкентте сыбайлас жемқорлық көбейген
29-03-2023
Шымкентте химия өнеркәсібі өндірген өнім көлемі артып келеді. Мысалы, өткен жылмен салыстырғанда саладағы өнім көлемі 58,8 пайызға артқан. Кәсіпорындарда жыл басынан бері 6,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 158,8% құраған. Мұндай өнімдерге сабын, әртүрлі кір жуу құралдары, спирт тыңайтқыш, бояу және көміртегі диоксиді кіреді.
Сабын өндіруде қалада көш бастап тұрған «Шымкентмай» АҚ қалдықсыз өндіріс технологиясын қолданудың арқасында жүзеге асырып отыр. Кәсіпорын майды қайта өңдеу арқылы тұрмыстық кір сабыннан бөлек, құрамында кокос майы бар сабын да шығарады.
Жалпы алғанда Шымкентте соңғы 8 айда өнеркәсіп өнімінің өсімі 106,4 пайыз болып, 484,5 млрд. теңгеге жеткен. Өндірілген өнімдердің 87 пайызын өңдеу өнеркәсібі құрап отыр.
Өңдеу өнеркәсібі саласында жиһаз, химия өнеркәсібі, электр жабдығы, дайын металл, киім-кешек, сусындар, тамақ өнімдері, тоқыма бұйымдары мен мұнай өңдеу өнімдерінің нақты көрсеткіш индексі 100 пайыздан асады.
Жалпы алғанда Шымкент қаласында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып отыр. Қазір 71 мыңға жуық шағын және орта субъекті жұмыс істеп тұр. Бұл салада 161 мың адам жұмыспен қамтылған. Олар 222,1 млрд. Теңгенің өнімін шығарып, көрсеткішті өткен жылмен салыстырғанда 22,9 пайызға арттырған.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл басынан бері 819 жобаға 4 млрд.теңгеге қолдау көрсетілді.
Алдағы 5 жылда жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 40 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Айта кетейік, осы жылдың 8 айында қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде өсім динамикасы қалыптасып, оң өзгерістер байқалған.