«Алғашқы жұмыс орны» жастарды жұмыспен қамтуда

Oinet.kz 08-08-2021 501

Screenshot_21.jpg

Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік бағдарлама арқылы алғашқы еңбек жолын бастаған қатысушының бірі – Мерей Атымтай Ол биыл «Шымкент жоғары медициналық» колледжін «Дантист-стоматолог» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жас маман дипломды қолға алғаннан кейін бірден жұмысқа орналаса алмаған. Мекемелерде бірінші кезекте жұмыс тәжірибесін талап ететінін айтады. 

–Бірақ менде оларға қажет тәжірибе болған жоқ. Дипломды енді алған кезім ғой. Кейінен жастарға арналған жаңа жоба бар екенін естіп, қалалық жұмыспен қамту орталығына барып, кеңес алдым. Онда маған бағдарламаның шарттары мен тиімділігін түсіндіріп, өз мамандығым бойынша қаладағы «Улыбка» стоматологиясына жолдады, – дейді 19 жастағы қала тұрғыны. 

Бұл жобаға 29 жасқа дейінгі жұмыс өтілімі жоқ жұмыссыз жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар қатыса алады. Сонымен қатар алғашқы жұмыс орнына орналасуға көп балалы немесе аз қамтылған отбасы мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүгедектер мен техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен келісімшарт жасап, оқу орнын аяқтаған жастарды 24 ай жұмыспен қамтиды. 

Жобаға қатысушының еңбекақысы – 20 АЕК. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың алғашқы 12 айдың еңбекақысын субсидиялайды. 

Үміткерлер тіркелген мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталығыбөлімшелерінежеке куәлігі мен білімі туралы құжат көшірмесін тапсырып, өтінім бере алады. 

Көмірқышқыл газын өңдейтін зауыт салынады
Шымкенттік кәспорын - Қазақстанның көшбасшылар үштігінде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу