Асыл тұқымды сиырлар күніне 24 литр сүт береді

Oinet.kz 29-08-2021 495

Screenshot_12.jpg

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласында да оң өзгеріс көп. Қала экономикасының дамуына ауыл шаруашылығы саласы да өз үлесін қосып келеді. Жақында қалада сүт өндіру бағыты мен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында 349 бас сауынды сиырды құрайтын үш тауарлы-сүт фермасы ашылды. Оның ішінде «Корно-1» ӨК жаңадан ашылған болса, «Эгамназаров» ЖК мен «Зертас» ШҚ сүт фермасын ұлғайтып отыр. 

Мегаполисте жүзеге асқан бұл жобаларға жалпы құны 0,8 миллиард теңге инвестиция тартылды. Шаруа қожалықтар Симментал мен Голштейн тұқымды сауынды сиырларды Еуропа елдерінен әкелген. Сиырлардың бұл тұқымы сүтті бағытта болғандықтан тәулігіне орташа есеппен 24 литр сүт сауылады. 

Инвестициялық жобалардың бірі - «Корно-1» ӨК ағымдағы жыл басында отандық асыл тұқымды сүтті-етті бағыттағы 50 бас ірі қара мал сатып алған. Шаруашылықта өндірілген сүт қала аумағындағы қайта өңдеу цехтарына өткізілуде. Шаруашылықта 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта, шаруашылық қуаттылығын кеңейтіп, қосымша қора жай құрылысын жүргізіп, мал басын көбейтуді жоспарлауда. Шаруашылыққа сатып алынған асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басына «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасына сәйкес, 2021 жылдың сәуір айында мемлекет тарапынан 9,8 млн. теңге қолдау көрсетілген. 

Шымкенттік кәсіпорын қала экономикасының драйверіне айналған
Жылына 1000 тоннадан аса сүт өнімдерін шығарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу