Шымкентте жасыл желек 4300 га аумаққа ұлғаяды

Oinet.kz 01-09-2021 736

Screenshot_9.jpg

Шымкент қаласын абаттандыру жыл бойы жалғаса береді. Бір күн де тоқтап қалуға болмайды. Өйткені қала тұрғындары жайлы жағдай жасау өте маңызды. Өзектілігі жоғары. Осы орайда Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов қала әкіміне атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Жиында жасыл аймақтарды ұлғайту, саябақтар мен гүлзарлардың құрылысы, ирригациялық жүйелердің мәселелері талқыланды. Басқарма басшысы 2021-2025 жылдары жасыл аймақтарды ұлғайту жоспарымен таныстырды. 2021 жылы жасыл аймақты 250 гектарға дейін ұлғайту көзделген. 2022 жылы 2250 га. 2023 жылы 3000, 2024 жылы 3200, 2025 жылы 4300 гектарға жеткізу межеленіп отыр. 

Басқарма басшысының айтуынша, мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша қала әкімінің қаулылары шыққан жер телімінің аумағы – 4175 га. Оның ішінде, бүгінде 1022 га жер телімі мемлекет мұқтаждығына қайтарылды. Аталған жерлерге ел игіліне жарайтын нысандар бой көтермек. 

Сондай-ақ, есепті жиында жасыл аймақтарды ұлғайту мақсатында егілетін ағаштар тізбесін ұсынды. Атап айтқанда, қалада жасыл аймақ аумағына гледичие, шаған (ясень), бадам, қарағаш және жиде ағаштарын отырғызу жоспардануда.

Осылайша Шымкент қаласы жасыл-желекке бөленіп, Шымкент жасыл қалаға айналмақ. Бұл өз кезегінде қаланың туристік әлеуетін арттырып, атмосферасын жақсартады. Ал атмосферасы жағымды жерде турист те ұзақ бөгеліп, еліне жақсы көңіл-күймен қайтатынын белгілі.

Оқу бітіргендер жұмыссыз қалмайды
Шымкент туризм саласының мамандарынан тапшылық көрмейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу