​Шымкентте тілдер күні атап өтті

Oinet.kz 05-09-2021 683

Screenshot_7.jpg

Үшінші мегаполисте қалалық мәдениет және тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қолдау мақсатында ұйымдастырылған ерекше форматтағы іс-шаралар барысын Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан бастаған қонақтар тамашалады.

Бұл күні қаладағы Абай, Жеңіс саябақтары мен Арбат секілді көпшілік орындарда мәдениет басқармасына қарасты мамандар түрлі форматтағы іс-шаралар өткізді. Нақты айтқанда Абай саябағында мұрағатшылар көне құжаттардың түпнұсқаларын көпшілік назарына ұсынса, тілдерді дамыту орталығының мамандары жаппай диктант жаздырды. Бұған қоса кез кезген азамат қазақ, орыс және ағылшын тілінде компьютерлік тест тапсырып, білімін сынап көруге мүмкіндік алды. Бұған қоса цирк, қуыршақтар театрының жұмылуымен интерактивті көріністер ұйымдастырылды.

– Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі Шымкентте алғаш рет осындай кең көлемде атап өтілуде. Барлық карантин талаптары сақталуда. Мұның барлығы елімізде тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру және 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында ұйымдастырылуда, – деді Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова.

Айта кетейік, кең көлемдегі іс-шараға 19 мекеменің 1800 маманы жұмылдырылған. Мерекелік іс-шаралар күні бойы жалғасады. 

Шымкентте «Еңбек» бағдарламасы аясында несібесін тапқандар көп
Оқу бітіргендер жұмыссыз қалмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу