Білім мен денсаулық сақтау саласына тартылған инвестиция көп

Oinet.kz 02-09-2021 635


Screenshot_12.jpg

Кез-келген мемлекеттің ең басты қазынасы - адам. Адам денсаулығы әрқашанда бірінші орында. Және ол адамның білімді болғаны да аса маңызды. Ел келешегі - дені сау, білімді азаматтар. 

Осы орайда бүгін Ақпараттық-коммунициялық орталығында «Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Б.Канкин мен "Shymkent" ӘКК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Е.Қаттабековтің қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында Е.Қаттабеков мектептер мен денсаулық сақтау саласындағы инвестицияларға тоқталды.

– Білім беретін мектептердің құрылысы бойынша жобалар қатары 13 инвестициялық жобаны құрайды. Жалпы сомасы - 25,9 млрд.теңге. Ал денсаулық сақтау саласында инвестиция жалпы сомасы - 9,5 млрд теңге. Жалпы қуаты күніне 3500 адам қабылдайтын 8 Денсаулық сақтау нысанының құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде, – деді Ерлан Нұрланұлы.

Айта кетейік, ағымдағы жыл мен өткен жылдағы іске асырылып жатқан жобалардың (шаршы метр) тұрғын үй алаңдарының көрсеткіштерін салыстыратын болсақ (stat.gov.kz деректер бойынша) биыл «Shymkent «ӘКК» АҚ қызметіне қатысты көрсеткіштер әлдеқайда жоғары. «Shymkent «ӘКК» АҚ-мен бірлесіп іске асқан  инвестициялардың жалпы сомасы 387 млрд. теңгеден асады. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен үш есе көп.

527,5 млрд. теңгенің инвестициялық келісім-шарты жасалды
Шымкент кәсіпкерлерінің салық төлеу қарқыны жоғары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу