527,5 млрд. теңгенің инвестициялық келісім-шарты жасалды

Oinet.kz 02-09-2021 628

Screenshot_11.jpg

Шымкент қаласында адам саны көбейіп, келетін туристер саны ұлғайған сайын тұрғын үйге деген сұраныс артуда. Тұрғын үйлер бұл сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, қала көркін ашады. Әсіресе заманауи үлгіде салынған көпқабатты тұрғын үйлер қала көркіне көрік беріп, қаланы сұуландыра түседі. Осы орайда Шымкентте соңғы жылдары көпқабатты үйлер көптеп салынуда. Бүгін Ақпараттық-коммунициялық орталығында «Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Б.Канкин мен "Shymkent" ӘКК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Е.Қаттабековтің қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз мәслихатында Б.Канкин Шымкент қаласына тартылған инвестиция туралы баяндады.

– Биыл «Shymkent» ӘКК» АҚ 45 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін келісім-шарт жасасты. Жалпы сомасы - 527,5 млрд. теңге. Жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның 22 жобасы бойынша жер учаскелеріне құқық берілді. Құқық беру сатысында 23 жоба бар. Бүгінгі таңда жер учаскелеріне берілген құқықтардан ӘКК-нің жоспарлы табысы 5,2 млрд.теңгені құрайды. Инвестиция сомасы 495 млрд. теңге және жалпы қуаты 1 769 589 шаршы метр болатын көп қабатты тұрғын үй құрылысының 25 объектісін салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Бауыржан Тоқболатұлы.

Спикердің сөзінше, көпқабатты тұрғын үй құрылысы саласындағы инвесторлар қатарында "BI GROUP", "ORDA INVEST", “Bazis-A”,  SDN Construction, "Отау Строй", "Оңтүстік Құрылыс Сервис" және т. б. республикалық, өңірлік құрылыс нарығының ірі компаниялары бар. Аталған компаниялар қала көркін ашуда өз үлестерін қосады. Қазіргі таңда осы компаничлардың зәулім үйлері бой көтеруде.

25 жоба іске асырылып, 2,3 мыңға жуық жұмыс орындары құрылды
Білім мен денсаулық сақтау саласына тартылған инвестиция көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу