Қоян терісі жиырма жылға жарайды

Oinet.kz 11-08-2011 2148

144.jpg

«Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Түлкібас ауданының Керейт ауылында қоян өсіруді қолға ала бастағанын, кәсіпорынның келешегінен мамандар үлкен үміт күтіп отырғанын біз өткен нөмірімізде жазған болатынбыз. Өткен аптада Шымкеттегі көркемсурет галлереясында «Қазақстанның үздік тауарлары» көрме-конкурсында аталған кәсіпорын өздерінің шығарып жатқан өнімдерін жұрт назарына ұсынды. 

--Қазақкем қоян етін таңсық ас санайды. Көбіне «қоян етінде бөтен иіс болады» дегенді айтады,--дейді кәсіпорынның менеджерлері.—Алайда бұл жете түсінбегендіктен айтылған сөз. Біздің шаруашылықта өсірілген асыл тұқымды қоян еті «Халал» сертификатын алған. Ол үшін қояндардың тұратын орны, жем-шөбі түгелдей тексеруден өткізіліп, сапасына кепілдік берілді. 

Қоян еті деликатес және диеаталық тағам ретінде белгілі.  Еуропа елдерінің асханасында ол кеңінен пайдаланылады. Біздің кәсіпорында өсірілетін акселерат-қояндар 4 айға дейін анасының сүтімен қоректенеді. Сондықтан оның еті әрі жұмсақ, әрі дәмді болады. Сонымен бірге зерттеу жұмыстары көжектердің жеті айға дейін бойларына зиянды заттарды жинамайтынын көрсетіп отыр. 

Жалпы алғанда ет тағамдары құрамындағы белектың мөлшері мен билогиялық құндылықтарымен бағаланады. Қоян еті қой, сиыр етіне қарағанда белокка әлдеқайда бай. Әрі онда май құрамы төмен болады. Барлық еттердің ішінде қоян еті өзінің сіңімділігі, дәмділігі, жұмсақтығы жағынан бірінші орын алады. 

Құрамындағы май мен холестериннің төмен болуынан қоян етін диетологтар асқазан-ішек, өт, бауыр, аллергия, қан қысымы ауруларына шалдыққан науқастарға ұсынады. Қоян етін тұрақты пайдалану ағзадағы май алмасуды жақсартады. Сонымен бірге қоян еті тез сіңірілетіндіктен ол ұшқыштарға, сүңгуірлерге, спортшыларға диетиалық тағам ретінде беріледі. Қоян етінде ағзаны радиациядан тазартатын қасиет бар. Сондықтан оны көбіне денсаулыққа зиянды кәсіпорындардың жұмысшыларына шипалы тағым ретінде ұсынылады.

--Қазіргі уақытта шаруашылықта өсірілген қояндардың еті Сарығаштағы шипажайларға жіберіліп жатыр. Жуық ол облыстағы сауда орындарына да түседі,--дейді мамандар.

Қояннан алынатын тағы бір құнды өнім—оның терісі. Мамандар «қоян терісі—бір жылдық» деген сөздің жаңсақ» дейді. Жақсы иленген қоян терісі жиырма жылға шыдас беретін көрінеді. Ол тіпті сапасы жағынан тіпті құндыз терісімен де бәсекелесе алады.  Бүгінгі күні шаруашылықтағы қоян терісі Тараздағы кәсіпорындарда иленуден өтіп жатыр екен. Алдағы уақытта оларды көбейтіп, киім-кешек тігуге пайдалануға болады. Әсіресе қоян терісінен тігілген тондарға деген сұраныс жоғары болады деген болжам бар.   Қазірдің өзінде кәсіпорындағы  қоян терісінен көлік салонындағы орындықтардың тыстарын тігу жөнінде ұсыныстары түсіп жатқан көрінеді.    Жалпы алағанда «Оңтүстік» асыл тұқымды шаруашылық» ЖШС (бас директоры Нұрдәулет Әлібаев) тек асыл тұқымды қоян ғана емес, балапан өсіруді де қолға алып отыр. Шаруашылықтың жылына 25 мың акселерациялық қояндар мен 270 мың тәуліктің балапан шығаруға мүмкіндігі бар. Кәсіпорын қоян өсіруде «МИАКРО» деп аталатын жаңа технлогияны қолданады. Мұндай шаруашылық Қазақстанда әзірге жалғыз. 

Oinet.kz мұрағатынан

Астанада бөлім басшысы 414 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз аударған
Қазақстанда орташа жалақы көлемі 172 мың теңгеден асты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу