Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев 1 млрд теңге бөлді

Oinet.kz 21-03-2020 27262

Қаражат Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктері арқылы бөлінетін болады. Оператор болып Halyk қайырымдылық қоры белгіленді, деп жазады 7kun.kz.

Screenshot_8.jpg

Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаевтың тарапынан бұл қайырымдылыққа арналған алғашқы қаражат емес. Кәсіпкерлер жазда Арыстағы мектеп пен балабақшаны қалпына келтіру бойынша 1 млрд теңге бөлген еді.

Сондай-ақ бүгін "Верный капитал" компаниялар тобы коронавируспен қарсы күреске 1 млн доллар бөлді. 

Бұған дейін коронавируспен күресуге Елбасы 200 млн теңге, "Сәби" қоры мен Kaspi.kz 100 мың тест сатып алуға 200 млн теңге бөлді, сонымен қатар BI Group компаниясы дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді қолдау мақсатында 100 млн теңге және  Болат Өтемұратов қоры жедел тест сатып алу үшін 200 миллион теңге бөлген еді.

Қазақстанда оқу ақысы қанша?
Дәрігерлер керек адамды таппай оның орнына тегі бірдей тұрғыннан коронавирус сынамасын алған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу