Сап-сау әкемді мен өлтірдім бе? Нағашы әжем солай дейді

Oinet.kz 04-03-2024 1766

Кісінің көркі болып саналатын шашта кие болатыны бағзыдан айтылатын болжам. Шашқа қатысты ырым, нанымдар да, қазақи тыйымдар да жетерлік. Бұрынырақта аналарымыз белден асқан шашты кеспеген. 

Screenshot_12.jpg

(фото ашық дереккөзден алында, материалға қатысы жоқ)

Ұзын шашты орынсыз кесу үлкен қасіретке ұшыратуы мүмкін деп пайымдаған. «Бір тал түскен шашты кез келген жерге тастамайды, құс іліп кетсе, бас ауруына шалдығады» деген де бұрыннан бар тыйым.

Ғалымдар осы тыйымның астарында ақиқаттың жатқанын анықтады. Олардың пайымдауынша, адам шашы ғарыш энергиясын қабылдайтын «антенна» боп табылады екен, яғни шаш өзін қоршаған ортамен хабар алмасып тұрады-мыс.

Мен бойжетіп, Алматыға оқуға түстім. Сол кездердегі сәнге айналған қысқа шашқа қатты қызығып, шашымды кесудің ретін таппай жүрдім. Қырқып тастай салайын десем, әкемнің «шашыңды қисаң, менің қызым емессің» деген сөзінен аттап кете алмадым.

Бір күні басым шаншып, ауыра берді. Өзімше «шашыма көз тиген» деп ойлап, шаштаразға барып, шолтитып, иығымнан кестім де тастадым. Содан кейін-ақ аяғымнан «қырсық» шала берді. Бір айға жетпей сап-сау жүрген әкем көз жұмды. Әкеммен қоштасуға келгенімде нағашы әжем менің қиылған шашыма тесіле қарап, «сен екенсің ғой әкеңді құртқан» демесі бар ма? Мен түкке де түсінбедім. Оқудан көп уақытқа қалып қойғанымның кесірінен оқуымнан да шығып қалдым. Үсті-үстіне ауыра бердім.

Қайда барсам да «қорқыттың көріне» ұшырай берген соң, туыстарымның сүйреуімен көрші ауылдағы Тілеу деген тәуіп шалға барып қаралдым. Тамырымды ұстап отырып, шашымды қиғанда, ашық жолдарымның барлығын қиып тастағанымды айтты. «Қайда барсаң да, жолыңның болмайтыны — сол», — деді ол.

Екі қазақ әйелге «шіріген жұмыртқасыңдар» деп едім ренжіп кетіп қалды
Енем артымнан келген жасаудың жұпыны болғаны үшін тілдеп отырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу