Басқалар оңтүстіктегілер қыздарын сатады деп ойлайды

Oinet.kz 12-02-2023 1549

Қыз күйеуге тигенде қалыңмал сұрау оңтүстік қазақтары үшін бұзылмайтын дәстүр. Осыдан алты жыл бұрын оңтүстіктің ішінде де қалыңмалды қымбат сұрайтын жер Жетісай екені анықталған болатын...

Screenshot_1.jpg

Гүлдана Қазтай студент, ОҚО-ға қарасты Жетісай қаласынан:

«Қазақта «қалыңсыз қыз болсада, кəдесіз қыз болмайды» деген сөз бар. Дегенмен , оңтүстікте «қалыңмалсыз қыз болмайды» деген де ұғым қалыптасқан. Оңтүстік өңір, оның ішінде Жетісайдың қалың малы осы уақытқа дейін қанша сынға ұшыраса да ежелден қалған дəстүр сақталып қалды. Иə, бізде қалың мал бар жəне қымбат.

Қазіргі таңда бір қыз үшін берілетін қалың мал 500 мың теңгеден басталып 1,5-2 млн теңгеге дейін барады. Осыған қарап, өзге өңірлер оңтүстіктегілер қыздарын сатады деп ойлайды. Бірақ ол олай емес. Себебі бізде қыздың ата-анасы қалың малдың ақшасына ақша қосып, қыздың жасауын жібереді.

Батыс өңірінің халқы сенбесе Жетісайдан қыз алып көру керек шығар. Қыздарына жасауды бірнеше жүк көлігімен жөнелтетін ата-аналар бар. Бір үйге қажет барлық техника, жиһаз, бұйым, төсеніш, ыдыс-аяқ, жас келіннің, күйеудің төрт мезгілдік қымбат әрі сапалы киімдерін береді. Сондай-ақ оны абыройы үшін емес, алақанында аялап өсірген қызы жат жұртта қиналып қалмасы үшін жібереді.

Қыздың жасауында төсек-орнынан бастап, асханаға керек ас үй жабдығы, газ, қысқатолқынды пеш, ыдыс-аяғын, тоңазытқышын, тұрмысқа қажет шаңсорғыш, үтік, кір жуатын машина , қонақ бөлмеге арналған жиһаздар, сонымен қатар қыздың киімдері болады. Оған қыздың алтын бұйымдарын қосыңыз.

Жетісайдың байлары қалыңдыққа бриллиант яғни гауһар тасты сырға салып, қыздың туыстары сыйлыққа осындай бағалы тастармен көмкерілген әшекейлер сыйлайды. Осылардың ішінде жатын бөлме жиһаздарына көп ақша кетеді.

Себебі оның сапалысын таңдау əр қыз үшін маңызды. Ал, егер жігіт қызды жасаусыз аламын десе “күйеу ілу” деген салт бар. Ол кезде кілем ғана апарады. Бірақ бұндай жағдайлар көп кездеспейді.

Себебі оңтүстікте әр ата-ана жағдайына қарай қызы жоғарғы сыныпқа өткеннен бастап қамдана бастайды. Оның еш жаман жері жоқ деп білем.

Себебі қазір көп жастар махаббатпен үйленіп, тұрмыстағы жоқшылықтың кесірінен ажырасып, аралары суып жатады. Ата-ана сондай өтпелі кезеңде балаларын қолдап жіберсе, бір бақытты отбасы пайда болады деген сенімдемін» – дейді.

Stan.kz

Қалың мал үшін ажырасып тындық
Жігітім айырылысқан күннің ертесі құлағымдағы сырғама дейін шешіп әкетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу