Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?
«Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?» деген мақалды: - Қазақ «қызым қанымнан туған, келінім бағымнан туған» деп қарап әр екеуін өзіне лайық жосынмен тәрбиелеп, қадыр тұтқан.Сондықтан қыз жолы жіңішке әрі ауыр деп біліп, қыз көңілін қалдырмаған, қалаған, сұрағанын аямаған, қыздың қабағына қарап ой дүниесін ұққан.Бұл мақал осыған орай туған,- деп түсіндіреді. Қазақ қызды осылай деп бағалайтыны рас, бірақ мақалдағы «Қыз» сөзінің беретін мағынасы бұл емес.Ал аталған сөздікте бұлай түсіндірудегі себеп сөз мағынасын түсінбеуден болып отыр.Бұл арадағы «Қыз» сөзі қызға (қыз балаға) қаратылып айтылып тұрған жоқ, «Қыз» жоқшылық, тапшылық, қымбатшылық мағынасындағы сөз, мысалы: Ақтанберді жыраудың:
түйе мойнын тұз кесер,
жігіт мойнын қыз кесер,
сартылдаған сары аяз,
жылқының мойнын мұз кесер,- деген шумақтағы «Қыз» жоқшылық мағынасында екені түсінікті болса керек. Махмұт қашқари да «Қыз - қымбат. Қыз ең қымбат нәрсә. Бұ ат қыз алдым, бұ атты қымбатқа алдым» (М .Қашқари «Түркі тілдер сөздігі» ұйғұрша, 1 – Том 426 – Бет) деп мысалымен түсіндірген.
Тағы бір мысалымызда, «...Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма? Кім біледі, жұмбағы көп болса, қыз ауыр шығар, ылғалы көп болса, тұз ауыр шығар», - дейді. Яғни, «Қыз ауыр ма?» дегені, қыз баласының мінезінің көркемділігіне қарай айтылған сипаттама болса керек.